Панфилов ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
Талғар аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Панфилов ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 02 маусымына тағайындалсын.
- Панфилов ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында
жариялансын.