Талғар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 69-281 «Талғар ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Талғар аудандық мәслихатының 2020  жылғы 28 желтоқсандағы № 69-281 «Талғар ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексінің 104-бабының 5-тармағына және 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Талғар аудандық мәслихатының «Талғар ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 69-281 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5864 тіркелген, 2021 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

         «1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 17 537 461 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 4 471 514 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 317 408 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1 479 860 мың теңге;

трансферттер түсімі 11 268 679 мың теңге;

2) шығындар 17 678 486  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 83 996 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 123 763 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 39 767 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның

ішінде:

қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 225 021 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                    225 021 мың теңге, оның ішінде:

         қарыздар түсімі 873 763 мың теңге;

         қарыздарды өтеу 1 251 313 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 602 571 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихатының «Әлеуметтік-экономикалық даму, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Талғар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 69-281 «Талғар ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
27 апреля 2021