Талғар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 69-281 «Талғар ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104-бабының 5-тармағына және 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 17 455 803 мың теңге:
салықтық түсімдер 4 471 514 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 317 408 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1 479 860 мың теңге;
трансферттер түсімі 11 187 021 мың теңге;
2) шығындар 16 994 278 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 83 996 мың теңге:
бюджеттік кредиттер 123 763 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 39 767 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 377 529 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 377 529 мың теңге:
қарыздар түсімі 873 763 мың теңге;
қарыздарды өтеу 1 251 292 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.»;
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |