САРАПТАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

САРАПТАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

Талғар қаласы                                                                               03 тамыз 2026 жыл

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

 

        2026 жылғы 22 шілдедегі №07-142-б Талғар ауданы әкімі аппаратының     «Талғар ауданы   әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі     сыбайлас жемқорлық    тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына        сәйкес, 2026 жылғы 23 шілде мен 2026 жылғы 31 шілде аралығында «Талғар      ауданы әкімінің аппараты»         мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат)          қызметіне ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді.

        Ішкі талдау 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсана        дейінгі кезеңдегі аппараттың қызметін қамтыды.

        «Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін 2024    жылғы 1 ақпандағы №02-23 Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің Қаулысымен       бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

        Аталған Ережеге сәйкес, аппараттың миссиясы – аудан аумағында          мемлекеттік         саясатты жүргізу, жергілікті маңызы бар мәселелерді құзыреті шегінде шешу, тиісті    аумақта әлеуметтік және экономикалық даму    бағдарламаларын іске асыруды       қамтамасыз ету болып табылады.

          Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12       бұйрығымен бекітілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу        қағидаларына сәйкес, ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

 

  1. 1. АППАРАТ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

          Аппарат өз қызметін Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы
1 ақпандағы №02-23 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Ережеге сәйкес, «Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі – аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

 

          1.1. Әкім аппараты өз қызметінде мынадай құжаттарды басшылыққа алады:

          1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

          2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

          3) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

          4) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

          5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

          6) Қазақстан Республикасының Жер кодексі;

          7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

          8) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі);

9) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

          10) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

          11) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

          12) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

          13) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

          14) «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

          15) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

          16) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

          17) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы;

          18) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

          19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы;

          20) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы» қаулысы;

          21) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерін сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу туралы» қаулысы;

          22) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 «Әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы;

          23) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шілдедегі № 464 «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

 

          24) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығы;

          25) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары туралы» бұйрығы.

 

          1.2. Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (құқықтық коллизиялар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т.б.)

 

          Анализ жүргізу барысында аппарат қызметін реттейтін Ереже, сондай-ақ әкім аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын заңдар мен нормативтік құжаттар зерделенді. Дискрециялық өкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға ықпал етуі мүмкін нормаларды талдау нәтижесінде қандай да бір қайшылықтар анықталған жоқ. Әкім аппаратының қызметі жоғарыда аталған заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

          Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 116 және 117-баптарына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ бекітілген тізбелер мен қағидаларға сәйкес жергілікті атқарушы органдар сауда объектілерінде (базарларда, супермаркеттерде, үй жанындағы дүкендерде) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) 31 атауы бойынша бағалар мен сауда үстемелерінің сақталуына мониторинг жүргізеді.

          Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде мониторингтік шығуларды жүргізу кезінде мамандардың іс-қимыл алгоритмі толық нақтыланбаған, сауда объектілерін іріктеу қағидалары, 31 атаудың әрқайсысы бойынша тауарлардың бағасын тіркеу тәртібі және тексерілетін көрсеткіштердің нақты көлемі айқындалмаған.

          Қазіргі уақытта баға мониторингі ауылдық округтер мен кәсіпкерлік бөлімінің мамандары тарапынан қолмен жүргізіледі. Бұл деректерді жинау кезінде субъективтілікке, нақты ақпаратты жасыруға, сондай-ақ жекелеген сауда объектілеріне қатысты іріктеп тексерулер жүргізуге байланысты тәуекелдерді туындатады.

          Бұзушылықтарды тіркеудің нақты әрі егжей-тегжейлі өлшемшарттарының болмауы нормаларды жергілікті деңгейде әртүрлі түсіндіруге, кәсіпкерлерге негізсіз қысым көрсетуге немесе, керісінше, шекті бағалардың асып кету фактілерін жасыруға байланысты ықтимал тәуекелдердің туындауына жағдай жасайды.

          Автоматтандырылған жүйені енгізу ақпаратты жинау мен талдау кезіндегі адами факторды барынша азайтуға, бұзушылықтарды анықтау жеделдігін арттыруға, сондай-ақ деректердің нақты уақыт режимінде қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

          Ұсынылады: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 31 атауы бойынша баға мониторингін жүргізудің егжей-тегжейлі тәртібі мен регламентін нормативтік тұрғыдан бекіту мәселесін қарастыру туралы жоғары тұрған органға ұсыныс хат жолдау. Бағаларды жинау және талдау үшін автоматтандырылған жүйені (электрондық модульді) енгізу мәселесін бастамашылық ету. Автоматтандырылған жүйені енгізу арқылы ақпаратты жинау мен талдаудың ашықтығын қамтамасыз ету, бұзушылықтарды анықтау мерзімдерін қысқарту және деректердің нақты уақыт режимінде қолжетімді болуына жағдай жасау.

          «Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

  1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру.
  2. Сенімхат бойынша тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилерге, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарына, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру.
  3. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, оларға тіркемелердің, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелердің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу.
  4. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, оларға тіркемелердің, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелердің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналардың жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруін жүргізу.

          Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері, мерзімдері мен нысандары, сондай-ақ оларды алу үшін қажетті құжаттар тізбесі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес айқындалады.

          Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі – қызмет көрсетуші мен қызмет алушы арасындағы тікелей жеке байланыс.

Белгіленген қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметтер екі тәсілмен көрсетілуі мүмкін: «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы.

Қазіргі уақытта қызмет алушылардың басым бөлігі қызмет көрсетушінің кеңсесіне тікелей жүгінеді, бұл қызмет алушы мен жауапты маманның арасында жеке байланыстың болуына әкеледі. Талданатын кезеңде мемлекеттік қызметтердің шамамен 99%-ы қызмет көрсетушінің кеңсесіне жүгіну арқылы көрсетілген.

          Ұсынылады: Мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу тәжірибесін кеңейту ұсынылады. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу қызмет көрсету уақытын қысқартуға, сондай-ақ қызмет көрсетуші мен қызмет алушы арасындағы тікелей байланысты азайтуға және соның нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.

          Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығымен тиісті техника түрлерін жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу қағидалары бекітілген. Жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауды өткізу рұқсат беру функциясы болып табылады, өйткені оның нәтижелері бойынша тиісті техниканы одан әрі пайдалану мүмкіндігі айқындалады. Мемлекеттік техникалық байқау техниканың техникалық күйін бағалау, оның санын, тиесілілігін, тіркеу деректерін нақтылау, техникалық пайдалану және қауіпсіздік талаптарының сақталуын, сондай-ақ ақаулардың туындауының алдын алу мақсатында өткізіледі. Техникалық байқау жылына бір рет өткізіледі. Көрсетілетін қызметті алушылар техниканы кезекті техникалық байқауға өткен жылғы техникалық байқаудың қолданылу мерзімі өткеннен кейін ұсынуға міндетті.

          Талдау барысында техникалық байқаудан уақтылы өтпеген жағдайда, қызметті берушінің мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға негіздер болған кезде де оң шешім қабылдауға мүмкіндігі бар екені анықталды. Бұл жағдай көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік техникалық байқаудан уақтылы өтпегені үшін жауапкершілігін нормативтік реттеу қажеттілігін туындатады.

          Ұсынылады: көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік техникалық байқаудан уақтылы өтпегені үшін жауапкершілігін нормативтік құқықтық реттеуді жетілдіру, соның ішінде тиісті әкімшілік жауапкершілікті белгілеу.

 

  1. АППАРАТТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

2.1. Кадрларды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша

 

        2025 жылға аппараттағы жалпы штат саны 27 қызметкерді құрады.2025 жылы өз еркімен  жұмыстан босатылған  қызметші- Р.М.Ермағанбетова.

        Тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер:

    Каспақбаев О.О. – аудан әкімінің орынбасары

  • Ескерту - Талғар ауданы әкімінің 26.08.2025 жылғы №08-347-өк өкімі;

    Бидаев А.Д. – аудан әкімінің орынбасары

  • Ескерту - Талғар ауданы әкімінің 26.11.2025жылғы №11-465-өк өкімі;

    Аскербеков А.Ж. – аудан әкімінің орынбасары

  • Ескерту - Талғар ауданы әкімінің 03.09.2025жылғы №09-355-өк өкімі;

    Абдалимов Н.Д.- аудан  әкімінің аппарат басшысы

  • Қатаң сөгіс- Талғар ауданы әкімінің 05.09.2025 жылғы №09-363-өк өкімі.

    Садыкова З.А. -персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің   басшысы

  • Қатаң сөгіс- Талғар ауданы әкімінің 05.09.2025 жылғы №09-362-өк өкімі.

Аширбаев Н.Ө.- мемлекеттік құпияларды қорғау, құқық қорғау органдарымен   жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлім басшысы

  • Ескерту - Талғар ауданы әкімінің 17.06.2025 жылғы №06-230-өк өкімі;
  • Қатаң сөгіс- Талғар ауданы әкімінің 22.10.2025 жылғы №10-420-өк өкімі.

 

        Табыстар туралы декларациялар белгіленген мерзімде тапсырылды.

 

2.2. Аппарат қызметшілерін мемлекеттік оқыту

 

          2025 жылы Аппараттың келесі мемлекеттік қызметшілері оқу курстарынан

өтті:

  1. №03-103-өк 2025 жылғы 28 наурыздағы өкімге сәйкес Е.К.Куанышғали біліктілікті арттыру курстарынан өтті;
  2. №04-108-өк 2025 жылғы 02 сәуірдағы өкімге сәйкес Д.Е.Сайлыбай қайта даярлау курстарынан өтті;
  3. №05-191-өк 2025 жылғы 26 мамырдағы өкімге сәйкес А.Н.Нурлыгалиев біліктілікті арттыру курстарынан өтті;
  4. №09-371-өк 2025 жылғы 18 қыркүйекдағы өкімге сәйкес А.Е.Малибекова біліктілікті арттыру курстарынан өтті;
  5. №09-390-өк 2025 жылғы 29 қыркүйектағы өкімге сәйкес Ж.Канышева қайта даярлау курстарынан өтті;
  6. №12-471-өк 2025 жылғы 12 желтоқсан өкімге сәйкес К.Х.Кожахметова біліктілікті арттыру курстарынан өтті;

 

          «Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 7 мемлекеттік қызметші (1 бөлім басшысы, 1 басшының орынбасары және 5 бас маман) қызмет атқарады. Бөлім тарапынан 22 279 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Осылайша, бір мемлекеттік қызметшіге жылына орта есеппен 4 455 мемлекеттік қызметтен келеді.

          Басқа да функционалдық міндеттерді орындаумен қатар, қызметтік жүктеменің едәуір жоғары болуы ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді жан-жақты тексеруге, белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуге және өтініштерді жеке тәртіппен қарауға уақыттың жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Бұл жекелеген жағдайларда қателіктерге жол беру, субъективті көзқарас таныту немесе сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауына алғышарттар қалыптастыру тәуекелдерін арттыруы ықтимал.

          Ықтимал салдарлар: мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы; қате немесе жеткілікті негізделмеген шешімдердің қабылдануы; қызмет алушыларға тең емес көзқарастың қалыптасуы; өтініштер мен шағымдар санының артуы; жекелеген өтініштерді заңсыз жеделдету үшін жағдайлардың туындауы.

          Тәуекелді барынша азайту шаралары: мамандар арасында қызметтік жүктемені оңтайлы бөлу; жұмыс процестерін автоматтандыру және цифрландыру; қызметкерлердің бірін-бірі алмастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізу; әрбір маманның қызметтік жүктемесіне талдау жасау; мемлекеттік қызметтер бойынша қабылданатын шешімдердің қаралған өтініштер санына тәуелді болуына жол бермеу.

          Ескерту: қызметтік жүктеменің жоғары болуы өздігінен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының бар екенін білдірмейді. Аталған фактор сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етуі мүмкін жағдай ретінде қарастырылады және оның алдын алу үшін ұйымдастырушылық-басқарушылық шараларды қабылдауды талап етеді.

          Ұсынылады: Мемлекеттік қызметшілерге түсетін шамадан тыс қызметтік жүктемені азайту, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен уақтылы көрсетілуін арттыру, ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің тиісінше тексерілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Бөлімнің штаттық санын бір мемлекеттік қызметшінің штаттық бірлігіне ұлғайту мәселесін қарастыру туралы жоғары тұрған органға хат жолдау ұсынылады.

 

  1. АППАРАТТАҒЫ МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫН РЕТТЕУ

 

          Анализ кезеңінде аппаратта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе туыстық қатынасы бар адамдардың бірлесіп қызмет ету фактілері анықталған жоқ.

          Аппаратта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ, себебі аудан әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметке қабылдау аудандық конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51-бабына сәйкес: «Мемлекеттік қызметші мүдделер қақтығысы болған жағдайда өз лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыруға тыйым салынады». Аппаратта мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар) 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерді сыйақымен қамтамасыз ету шарттары реттелген.

          Сыйақы беру шарттарын талдау барысында, 2025 жылы аппарат тарапынан келесі күндерге байланысты мемлекеттік қызметшілерге сыйақы берілді:

  • «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»
  • «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні»
  • «9 мамыр – Жеңіс күні»
  • «23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні»
  • «6 шілде – Астана күні»
  • «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні»
  • «25 қазан – Республика күні»
  • «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні»
  • «Жаңа жыл» 2025 жылдың қорытындысы бойынша.

               Ұсынылады: Мүдделер қақтығысы және мемлекеттік қызметтегі шектеулер бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу. Мүдделер қақтығысының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

  1. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША

 

          Мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. 2025 жылы «Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жеткізушілермен жалпы сомасы 121,82 миллион теңгені құрайтын 135 шарт жасасты. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу барысында мүдделер қақтығысы жағдайлары орын алған жоқ. Мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану қағидаты негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сатып алулар бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы және мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде жүзеге асырылады, олар мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады. Талдау кезеңіндегі мемлекеттік сатып алулар бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының
7-бабында белгіленген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер сақталды.

Ұсынылады: Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылық деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау, сондай-ақ жауапты қызметкерлерді мемлекеттік сатып алу саласындағы оқыту семинарларына жіберу.

 

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТІЛУІ БОЙЫНША

 

Аудан бойынша 63 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оларды аудан әкімдігінің 23 құрылымдық бөлімшелері көрсетеді, яғни аудан әкімінің аппараты, 11 аудандық бөлім, Талғар қаласы әкімінің аппараты және 10 ауылдық округ әкімдерінің аппараттары.

Талғар ауданында барлық мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

2025 жылдың 12 айында 67588 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде қағаз түрінде – 2381, (2024 жылдың 12 айымен салыстырғанда - 1264, бұл 88,4% артық) (2024 жылдың 12 айымен салыстырғанда - 59537, бұл 13,5% артық), оның ішінде жеке тұлға - 66584, заңды тұлға –1004).

Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы-25562, яғни 37,8% (ИСГО) болса, Электрондық үкімет порталы, яғни eGov.kz.(ПЭП) арқылы-44069 яғни 65,2%,

Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО, ЦОН) - "бір терезе" қағидаты бойынша электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар бойынша- 8357 яғни 12,3% пайызда мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

 

Жоғарыда келтірілген негіздерге сүйене отырып, ұсынылады:

  1. Бағалар мониторингін жүргізудің егжей-тегжейлі тәртібі мен регламентін нормативтік тұрғыдан бекіту туралы ұсынысты (СЗПТ бойынша 31 атау) жоғары тұрған органға хат жолдау. Баға туралы ақпаратты жинау және талдау үшін автоматтандырылған жүйені (электрондық модульді) енгізу мәселесін қарауды бастамашылық ету. Автоматтандырылған жүйені енгізу деректерді жинау және талдау кезінде адами фактордың әсерін болдырмауға, бұзушылықтарды анықтау жеделдігін арттыруға, сондай-ақ ақпараттың нақты уақыт режимінде қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәжірибесін кеңейту туралы ұсыныспен хат жолдау. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу оларды көрсету мерзімдерін қысқартуға және қызмет көрсетуші мен қызмет алушының тікелей байланысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.
  3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-не мемлекеттік техникалық байқаудан уақтылы өтпегені үшін мемлекеттік қызметті алушылардың жауапкершілігін нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру, оның ішінде тиісті әкімшілік жауапкершілікті белгілеу туралы ұсыныспен хат жолдау.
  4. Мемлекеттік қызметшілерге түсетін шамадан тыс қызметтік жүктемені азайту, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен уақтылығын арттыру, ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тиісінше тексеруді қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында бөлімнің штат санын бір мемлекеттік қызметшінің штат бірлігіне ұлғайту мәселесін қарау туралы ұсыныспен жоғары тұрған органға хат жолдау.
  5. Мүдделер қақтығысының алдын алу және мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулердің сақталуы мәселелері бойынша заңнама талаптарының орындалуына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру. Мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
  6. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылық деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау, сондай-ақ жауапты қызметкерлердің мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша оқыту семинарларына қатысуын қамтамасыз ету.

 

Жұмыс тобы:

 

Д.Е. Сайлыбай

 

 

 

 

 

Д.С. Нұрғожаева

 

 

 

 

 

Н. Қ. Айтбеков

 

 

 

 

 

К.Х.Кожахметова

 

 

 

 

 

А.Е. Смагулова

 

А. Н. Нурлыгалиев

 

 

 

 

 

Р. Курманиязов

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 октября 2026