Алматы облысы  Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы ХАБАРЛАМА

Алматы облысы  Талғар ауданы

Панфилов ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы

ХАБАРЛАМА

 

2026 жылғы 4 қазанда Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 21 389 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 10 352  сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 14  қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округінің әкімі сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:

Ерзат Қуат Ерзатұлы үшін сайлаушылардың  808  дауысы берілді;

Кәденов Жәнібек Жанболатұлы  үшін сайлаушылардың 1 110 дауысы берілді;

Нұрғазы Думан Қазыбекұлы үшін сайлаушылардың 8 403 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 25.

 Сайлау қорытындылары бойынша  Панфилов ауылдық округінің әкімі болып:

 1993 жылы туған, Талғар қаласы әкімінің орынбасары, Талғар қаласының тұрғыны Нұрғазы Думан Қазыбекұлы сайланды.

 

 

 

 

Талғар  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
05 октября 2026