«Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 «Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
 
 
Талғар қ                                                          2026 жылғы 2 қазан
 
Кіріспе 
«Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) басшысының 2026 жылғы 14 қыркүйектегі № 27-н/қ «Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде 2026 жылғы 25-30 қыркүйек аралығында Бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдаумен Бөлімнің 2025 жылғы наурыз, 2, 3 және 4-тоқсандардағы, сондай-ақ 2026 жылғы 1, 2 және 3-тоқсандардағы қызмет кезеңі қамтылды.
Бөлім өз қызметін Талғар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 7 маусымдағы № 06-233 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады (бұдан әрі – Ереже).
Ережеге сәйкес Бөлімнің негізгі міндеті ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Бөлім өз қызметінде:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын;
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын;
Бөлімнің қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
 
Сипаттамалық бөлім
1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды айқындау
2026 жылғы 1 қаңтарға штат саны 4 штаттық бірлікті құрайды. Штаттық кесте аудан әкімімен бекітіліп, «Б» корпусының функционалдық блоктары бойынша бөлу жөніндегі комиссия төрағасымен келісілген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңінде Бөлімде бос штаттық бірліктер болған жоқ.
Бөлім мамандарының лауазымдық міндеттері мен құқықтары тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалып, бекітілген.
Талғар ауданы әкімінің 2026 жылғы 2 шілдедегі № 07-226-өк өкімі негізінде А.А. Сураншиев өз қалауы бойынша атқаратын лауазымынан босатылды.
Талғар ауданы әкімінің 2026 жылғы 3 тамыздағы № 08-273-өк өкімімен А.Б. Абдрешбаев «Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.
Бөлім басшысының 2026 жылғы 11 тамыздағы № 16 бұйрығы негізінде Бөлімнің бас маманы Б.Л. Айменов өз қалауы бойынша атқаратын лауазымынан босатылды.
Бөлім басшысының 2026 жылғы 16 қыркүйектегі № 18 бұйрығымен Камышева Назира Бекболатқызы бас маман міндетін атқарушы лауазымына 3 айлық сынақ мерзімімен және арнайы тексеру нәтижелері алынғанға дейін тағайындалды. Камышева Н.Б. Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 28-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес лауазымға қабылданды. GPA көрсеткіші – 3,67 балл.
Кадрлық өзгерістер барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Сонымен қатар келіп түскен өтініштерді орындауға жауапты маман Б.Л. Айменовке Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын елеусіз бұзғаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. Маманды тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұдан әрі осындай бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында жауапты қызметкерлерге заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Бөлім басшысының 2025 жылғы 5 наурыздағы № 5, 23 маусымдағы № 13, 24 қазандағы № 26, 23 желтоқсандағы № 32 және 2026 жылғы 4 наурыздағы № 4 бұйрықтарымен Бөлім мамандарына біржолғы ақшалай сыйақылар (сыйлықақылар) төленді.
Сыйақы төлеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.
 
2. Мүдделер қақтығысын реттеу
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 13-бабына сәйкес мемлекеттік қызметші мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыруға құқылы емес.
Жүргізілген талдау барысында Бөлім қызметкерлерінің қызметінде мүдделер қақтығысы жағдайлары анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің мүдделер қақтығысының туындағаны туралы жазбаша хабарламалары Бөлімге келіп түспеген.
Мемлекеттік қызметшіден тиісті хабарлама түскен немесе өзге де ақпарат көздерінен мүдделер қақтығысының туындағаны туралы ақпарат алынған жағдайда, Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның алдын алу және реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдайды.
 
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету
Бөлім инженерия саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуші болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Бөлім:
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру және емтихандар қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, оларға тіркемелерге, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерге, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, арнайы жүріп өту мүмкіндігі жоғары машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, арнайы жүріп өту мүмкіндігі жоғары машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, арнайы жүріп өту мүмкіндігі жоғары машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын;
- мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Бөліммен мемлекеттік қызметтердің 4 түрі көрсетіледі:
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ арнайы жүріп өту мүмкіндігі жоғары машиналарды басқару құқығына куәлік беру.
- Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилерге, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарына, сондай-ақ арнайы жүріп өту мүмкіндігі жоғары машиналарға тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру.
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ арнайы жүріп өту мүмкіндігі жоғары машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу.
- Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, оларға тіркемелерге, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерге, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ арнайы жүріп өту мүмкіндігі жоғары машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері, мерзімдері, нысандары, сондай-ақ оларды алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі тиісті мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен айқындалады.
Тексерілген кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтер:  тракторшы-машинист куәліктері – 233; техникалық байқау жеке тұлғаларға – 127, заңды тұлғаларға – 69; кепілді тіркеу жеке тұлғаларға – 11, заңды тұлғаларға – 9; кепілдіктен шығару – 1 жеке тұлға бойынша; техника тіркеліп, техникалық паспорттар берілгені – 542 жеке тұлғаға және 157 заңды тұлғаға; есептен шығарылған техника – жеке тұлғалар бойынша 197 бірлік, заңды тұлғалар бойынша 104 бірлік; мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту – 1 жеке тұлға бойынша.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелінің негізгі факторларының бірі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының тікелей жеке байланысы болып табылады.
Белгіленген қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметтер екі тәсілмен көрсетілуі мүмкін: «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.
Қазіргі уақытта көрсетілетін қызметті алушылардың басым бөлігі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тікелей жүгінеді, бұл жауапты маман мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жеке байланыстың болуына әкеледі. Талдау кезеңінде мемлекеттік қызметтердің шамамен 99%-ы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуды кеңейту ұсынылады. Бұл ретте мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу қызмет көрсету уақытын қысқартуға және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тікелей байланысты барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге көрсетілетін қызметті алушылардың едәуір бөлігінің «электрондық үкімет» веб-порталын өз бетінше пайдалану үшін техникалық мүмкіндігі жоқ.
Қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік органдар жекелеген мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) беру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Тиісті мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-ларға беру көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тікелей байланыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
 
4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығына сәйкес тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ арнайы жүріп өту мүмкіндігі жоғары машиналарды басқару құқығына куәлік беру бойынша мемлекеттік қызмет көзделген.
Аталған мемлекеттік қызмет рұқсат беру сипатында болады, өйткені жеке тұлғаға тиісті техника түрлерін басқару құқығын береді.
Осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты маманға қажетті ақпаратты алу мақсатында Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімінің (ӘІБТ) жария секторы жүйесіне қолжетімділік берілген.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығымен тиісті техника түрлерін жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу қағидалары бекітілген.
Жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу рұқсат беру функциясына жатады, себебі оның нәтижелері бойынша тиісті техниканы одан әрі пайдаланудың мүмкіндігі айқындалады.
Мемлекеттік техникалық байқау техниканың техникалық жай-күйін бағалау, оның санын, тиесілігін, тіркеу деректерін нақтылау, техникалық пайдалану және қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ақаулардың туындауының алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Техникалық байқау жылына бір рет жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушылар өткен жылғы техникалық байқаудың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін техниканы кезекті техникалық байқауға ұсынуға міндетті.
Талдау барысында техникалық байқаудан уақтылы өтпеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде оң шешім қабылдау мүмкіндігі бар екені анықталды.
Аталған жағдай көрсетілетін қызметті берушінің шешім қабылдауындағы субъективті факторларға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына алғышарттар қалыптастыруы мүмкін.
Ұсынылады: көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік техникалық байқаудан уақтылы өтпеуіне байланысты жауапкершілікті нормативтік тұрғыдан реттеу мәселесін, оның ішінде тиісті әкімшілік жауапкершілік белгілеу арқылы жетілдіру мүмкіндігін қарастыру.
 
5. Бақылау-ревизиялық функцияларды іске асыру
Бөлім бақылау-ревизиялық функцияларды жүзеге асырмайды.
 
6. Бюджеттік және қаржылық қаражаттарды игеру және бөлу
Талғар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 35-128 шешімімен Бөлімге бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 462, 001 «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы, 015 кіші бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2025 жылға 40 316,0 мың теңге бөлінді. Аталған қаражат, оның ішінде еңбекақы төлеуге, міндетті аударымдар мен салықтарға, коммуналдық қызметтерге, сондай-ақ өзге де жұмыстар мен қызметтерге жұмсалуға бағытталған.
Талдаумен қамтылған 2025 жылғы наурыз-желтоқсан аралығында 33 281,0 мың теңге игерілді. Қаражат нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылды.
Талғар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 52-211 шешімімен Бөлімге бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 462, 001 «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы, 015 кіші бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2026 жылға 49 081,0 мың теңге бөлінді. Талдаумен қамтылған 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде 39 644,0 мың теңге игерілді.
Бухгалтерлік және салықтық есеп Бөлімде «1С:Кәсіпорын» бағдарламалық өнімі арқылы автоматтандырылған түрде жүргізіледі.
Бөлімнің операциялық қызметі «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Аталған жүйе мемлекеттік мекемелерден қазынашылық органдарына жіберілетін құжаттарды қабылдау және өңдеу жөніндегі қазынашылық функцияларды автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Бөлімнің қаржылық және операциялық қызметінің процестері автоматтандырылған және ашық болғандықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің объектісі болып табылмайды.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес бюджет қаражатын жұмсау ашық және жария болып табылады. Ақпарат «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті компоненттерінде: «Ашық бюджеттер», «Бюджеттік бағдарламалардың жобалары», «Бюджеттік бағдарламалар», «Азаматтық бюджет», «Бюджеттің орындалуы» бөлімдерінде орналастырылады.
Талдау кезеңінде Бөлімнің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау-ревизиялық органдар тарапынан тексерулер жүргізілген жоқ. Бөлім 2024 жылдың 1 шілдесі күні құрылды. 
Салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес есептеледі және төленеді.
 
7. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу
Бөлімдегі мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлімнің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Талдау кезеңінде мемлекеттік сатып алудың шамамен 90%-ы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, шамамен 5%-ы бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен, шамамен 5%-ы «Omarket.kz» электрондық дүкені арқылы жүргізілді.
Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жеңімпаздармен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалады.
Мемлекеттік сатып алулардың жеңімпаздары заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.
Төлем тауарлар жеткізілгеннен, жұмыстар орындалғаннан және көрсетілетін қызметтер көрсетілгеннен кейін жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алулардың жеңімпазын айқындау мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесі арқылы заңнамада белгіленген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады, бұл нақты өнім берушіні субъективті түрде таңдау мүмкіндігін шектейді.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тарапынан камералдық бақылауға жатады.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы тұрақты жетілдіру және оған тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған.
 
8. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу Бөлімнің функционалдық міндеттеріне кірмейді.
Бөлімнің қызметінде мынадай ақпараттық жүйелер пайдаланылады:
«1С:Кәсіпорын»; Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі (БЭҚАЖ); «e Otinish»; «e License»; «e Qyzmet» және басқа да ақпараттық жүйелер.
Ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу үшін әрбір маманға жеке пайдаланушы есептік жазбасы берілген.
Ақпараттық жүйелер арқылы электрондық құжат айналымы, кадр жұмысы, азаматтардың өтініштерін тіркеу және қарау, сондай-ақ өзге де әкімшілік процестер жүзеге асырылады.
«1С:Кәсіпорын» бағдарламалық өнімі мемлекеттік сатып алу шеңберінде заңнамаға сәйкес бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен сатып алынған. Өнім берушінің тиісті лицензиясы және бағдарламалық өнімді ұсынуға қажетті біліктілігі бар.
 
9. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер
Құжаттандыру, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану мәселелері Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Бөлімдегі құжат айналымы Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі (БЭҚАЖ) арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар барлық мамандардың «Documentolog» ақпараттық жүйесінде есептік жазбалары бар.
Құжаттармен жұмыс электрондық түрде жүзеге асырылады.
Тексерілген кезеңде кіріс хат-хабарлардың жалпы саны 908 құжатты, шығыс хат-хабарлар 775 құжатты құрады.
Хат-хабарлардың шамамен 90%-ы мемлекеттік тілде, шамамен 74%-ы мемлекеттік органдардан келіп түскен.
2025 жылы 2012-2020 жылдардағы құжаттарға кезекті ғылыми-техникалық өңдеу жүргізілді.
Талдау нәтижелері бойынша Бөлімнің құжаттамалық қамтамасыз ету саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай «eOtinish» платформасы арқылы жүзеге асырылады.
Бөлімнің барлық мамандарының аталған ақпараттық жүйеде есептік жазбалары бар.
Келіп түскен өтініштерді тіркеу, бағыттау, қарау және орындау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Келіп түсетін өтініштердің негізгі бөлігін мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сұрау салулар құрайтындығына байланысты, оларды тіркеуге және бастапқы қарауға мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты маман белгіленген.
Тексерілетін кезеңде Бөлімге 373 өтініш келіп түсті, оның ішінде: өтініштер – 128; шағымдар – 28; ұсыныстар – 1; өзге де өтініштер – 216.
Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан 9 өтініш Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің тиісті нормаларына сәйкес өтініш берушілердің өтініштерін кері қайтарып алуына байланысты тоқтатылды.
Өзекті мәселелердің бірі – мәселелері Бөлімнің құзыретіне кірмейтін өтініштердің келіп түсуі.
373 өтініштің ішінен 81 өтініште баяндалған мәселелер Бөлімнің құзыретіне жатпайтындықтан, заңнамада белгіленген үш күндік мерзім бұзылмай, басқа мемлекеттік органдарға жолданды.
Өтініштер мемлекеттік органдардан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен.
Барлығы 292 өтініш Бөлімде қаралып, оларды қарау нәтижелері бойынша тиісті қолайлы әкімшілік актілер қабылданды.
Заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында өтініштерді қарау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету ұсынылады.
Сонымен қатар өтініш берушілер арасында өтініштерді дұрыс жолдау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде қадамдық нұсқаулықтар, бейнематериалдар және ақпараттық брошюралар орналастыру арқылы жүргізу орынды.
«eOtinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш жолдау кезінде құзыретті мемлекеттік орган мен нақты орындаушыны дұрыс таңдау тәртібін түсіндіруге ерекше назар аудару қажет.
 
Қорытынды бөлім
Бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат беру функцияларын іске асыру салаларында туындауы мүмкін екендігі анықталды. Бұл ретте негізгі тәуекелдер көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының тікелей байланысына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болған кезде шешім қабылдауға байланысты.
Анықталған және әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында:
- мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру және оларды «электрондық үкімет» веб-порталы және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алу мүмкіндігін кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында белгіленген талаптардың, оның ішінде оларды көрсету немесе көрсетуден бас тарту мерзімдері, тәртібі мен негіздерінің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік техникалық байқаудан уақтылы өтпегені үшін жауапкершілікті нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру мәселесін қарастыру;
- мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының және мүдделер қақтығысының алдын алу жөніндегі талаптардың тұрақты сақталуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыру;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, бағыттау, қарау және орындау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- «e Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініштерді жолдау кезінде мемлекеттік орган мен орындаушыны дұрыс таңдау мәселелері бойынша өтініш берушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің, бюджет қаражатын жұмсаудың және ақпараттық жүйелерді пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етуді жалғастыру;
Бөлім қызметінің сыбайлас жемқорлық көріністеріне неғұрлым бейім салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүйелі мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылады.
 
Жалпы, ішкі талдау нәтижелері бойынша Бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына алғышарттар қалыптастыруы мүмкін жекелеген факторлар бар екендігі анықталды. Сонымен бірге Бөлім қызметінде қолданылатын ұйымдастырушылық және цифрлық тетіктер аталған тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін Бөлім қызметкерлерінің назарына жеткізу және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша одан әрі іс-шараларды жоспарлау кезінде пайдалану қажет.
 
Жұмыс тобының мүшелері:
 
А.Абдрешбаев
 
К.Сарманова
 
А.Бопабаева
 
Дата публикации
02 октября 2026