«Хабарландыру»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №211 бұйрығының 1-2-тармақтарына сәйкес 2026 жылғы қазан айының 20-ы күні сағат 11.00-де Талғар ауданы, Жібек жолы ауылындағы №24 орта мектептің мәжіліс залында өтетін жиынның күн тәртібінде «Панфилов ауылдық округіне қарасты Қызылту ауылындағы жаңа көшелеріне атау беру және көшелерді қайта атау беру туралы» мәселесі қаралатындығын хабарлаймыз.
Қарастырылатын жаңа көшелерге атаулар тізімі келесі: Ақбаян, Аққайың, Ақсеңгір, Ақсу-Жабағылы, Аякөз, Телқоңыр, Желмая, Жиделі.
2026 жылғы қазан айының 20-ы күні сағат 15.00-де Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округіне қарасты Төңкеріс ауылындағы №23 орта мектептің мәжіліс залында өтетін жиынның күн тәртібінде «Панфилов ауылдық округіне қарасты Төңкеріс ауылындағы жаңа көшелеріне атау беру және көшелерді қайта атау беру туралы» мәселесі қаралатындығын хабарлаймыз.
Қарастырылатын жаңа көшелерге атаулар тізімі келесі:
Қыз Жібек, Сандықтау, Сарыжаз, Тайқазан.
Панфилов ауылдық округі әкімінің м.а. Н.Н.Мықтыбаева