Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №211 бұйрығының 1-2-тармақтарына сәйкес 2026 жылғы қазан айының 19-ы күні сағат 11-00-де Талғар ауданы, Панфилов ауылындағы әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында өтетін жиынның күн тәртібінде «Панфилов ауылдық округіне қарасты Панфилов ауылындағы жаңа көшелеріне атау беру және көшелерді қайта атау беру туралы» мәселесі қаралатындығын хабарлаймыз.
Қарастырылатын жаңа көшелерге атаулар тізімі келесі:
Мәңгілік Ел, Айдарлы, Баянауыл, Ақбақай, Әулиеағаш, Биші қайың, Ақбұлақ, Ақкент, Ақдала, Нарынқол.
2026 жылғы қазан айының 19-ы күні сағат 15.00-де Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылындағы №22 орта мектептің мәжіліс залында өтетін жиынның күн тәртібінде «Панфилов ауылдық округіне қарасты Қарабұлақ ауылындағы жаңа көшелеріне атау беру және көшелерді қайта атау беру туралы» мәселесі қаралатындығын хабарлаймыз.
Қарастырылатын жаңа көшелерге атаулар тізімі келесі:
Ақшоқы, Сарытөбе, Үшарал, Арай, Арлан, Ырғыз, Аруана.
Панфилов ауылдық округі әкімінің м.а. Н.Н.Мықтыбаева