Талғар ауданындағы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік
иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға,
күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) кондоминиум объектісін басқару – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар,орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің қауіпсіз және жайлы тұру(болу) жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстауға, оны пайдалану тәртібін реттеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешені;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан
басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары,лифтілер, шатырлар, кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар),шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
4) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көп пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;
5) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі –мүліктің меншік иелері бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын,бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік
иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;
6) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – кондоминиум объектісін басқаруға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;
7) оператор – мамандандырылған уәкілетті ұйымы.
2-тарау. Талғар ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуге
және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты пәтерлердің,
тұрғын емесүй-жайлардың меншік иелерінің ақшаны
қайтаруын қамтамасыз ету тәртібі
кредит түрінде бөлінген қаражаттың қайтарылуына мониторинг жүргізуді және
бақылауды қамтамасыз етеді.
обьектісін басқарушы субъект ұсынған жиналыс хаттамасы, сомасын есептеу,
сондай-ақ Тәртіпке сәйкес қол қойылған атқарылған жұмыстар актісі негізінде
күрделі жөндеу, лифтті жөндеу (ауыстыру) жұмыстары бойынша қаражат
сомаларының қайтару кестесін коммуналдық қызметтер бойынша бірыңғай төлем
құжатты қалыптастыру мен жеткізуді жүзеге асыратын ұйымға әр пәтерлер,
тұрғын үй емес үй-жайлардың меншік иесі бойынша ай сайын береді.