|
НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталында орналастыру үшін
|
||
|
1. |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Талғар ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
|
|
2. |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
«Тағар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ
|
|
3. |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚ немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес
|
|
4. |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Нормативтік құқықтық актінің жобасы Талғар ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру, көппәтерлі тұрғын үйлердің эстетикалық жағдайын жақсарту, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғалары мен шатырларын реконструкциялау, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.
|
|
5. |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетіні жобада көрсетілген.
|
|
6. |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік -экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік және/немесе экономикалық салдарға әкелмейді.
|