Алматы облысы Талғар ауданының Панфилов, Кеңдала ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

Алматы облысы Талғар ауданының Панфилов, Кеңдала ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабына сәйкес  Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов, Кеңдала ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау   2026 жылғы 4 қазанға  тағайындалсын.
  2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Алматы облысы Талғар ауданының Панфилов, Кеңдала ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы «Alatau Zhuldyzy» газетінде жариялансын және Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                  Д. Батталгазиев

 

 

Хатшы                                                          Г. Лепесова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талғар қаласы,

2026 жылғы 26 тамыз,

№ 47

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 августа 2026