Талғар ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдармен
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру
бойынша атқарылған жұмыстар
туралы
Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше турде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырудың өмір сапасы болып табылады.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өтті.
Әкімдікте мемлекеттік орган жұмысының жаңа моделі, халыққа «бір терезе қағидаты» бойынша әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтер мен кеңес беруге, көмек алуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта 2026 жылдың 6 айында ЕГОВ арқылы 745 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 877 тұрғынға консультация берілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдар ықпалдастырылған «ИИС ЦОН», «Адресный регистр», «Е-лицензия», «Е-акимат», «АИСГГК», «АРМЕГКН» ақпараттық жүйелерімен қатар электронды үкіметтің веб-порталы қолданылады.
Халыққа қызмет орталығына келушілерге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін толық жағдай жасалған. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы кез-келген мемлекеттік қызметті электронды түрде алуға, қажет болған жағдайда аудан басшыларымен онлайн қабылдау бұрышы арқылы тікелей байланысқа шығуға мүмкіндік бар.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда.
Қазіргі таңда аудан бойынша 63 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оларды аудан әкімдігінің 23 құрылымдық бөлімшелері көрсетеді, яғни аудан әкімінің аппараты, 11 аудандық бөлім, Талғар қаласы әкімінің аппараты және 10 ауылдық округ әкімдерінің аппараттары.
Талғар ауданында барлық мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.
2026 жылдың 6 айында 48249 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде-электронды түрде 40317, 83%, қағаз түрінде –190, 0,39% ,оның ішінде жеке тұлға - 25939, заңды тұлға –101).
Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы-24765, яғни 51% (ИСГО) болса, Электрондық үкімет порталы, яғни eGov.kz.(ПЭП) арқылы-15552 яғни 32,2%,
Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО, ЦОН) - "бір терезе" қағидаты бойынша электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар бойынша- 350 яғни 0,73% пайызда мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12 тармағына, «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығына және Талғар ауданындағы жергілікті атқарушы органдарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатындағы аудан әкімінің 2025 жыл 09 желтоқсан 12-82 өкіміне сәйкес, бақылау іс-шаралар жоспары жасалып, бкітілді. Осы бағытта мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің сапасын арттыру бойынша 2 мемлекеттік ішкі бақылау және 2 ішкі байқау жүргізілді. Сонымен қатар, 5 мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барысында біліктілігін арттыруда оқудан өтті.
Аудан әкімдігінің сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілетін қызметтердің ережесі «Электрондық үкімет» порталына кіруге белсенді сілтемелер, қызмет алушыларға кеңес беру үшін қызмет көрсетушілердің байланыс деректері, мемлекеттік қызметтердің тізімдері орнатылған.
Сонымен қатар, «Алатау Жұлдызы», «Огни Алатау», газеттерінде 50ге жуық мақалалар, 14 тікелей эфирлер, жеке парақшаларында 30 ға жуық видеороликтер жарияланды, аудан әкімдігінің 11 бөлімі және Талғар қаласы мен 10 ауылдық округ әкімдерінің аппараты өздерінің жеке парақшаларында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жарияланымдар шығарылды.
Аудандық Қоғамдық кеңес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу бойынша 2 - шара ұйымдастырып, мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша жеке тұлғалардың сұранымдарын қанағаттандыру бағытындағы атқарған жұмыстарына монитортинг жасалып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша инфогарфика жасап, видео түсіру туралы ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, осы жылдағы шараларға мемлекеттік қызметтер сапасын жақсартудағы орын алған кемшіліктерді жою керектігін, ауыл тұрғындардың мәселесін дер кезінде шешілуін және арыз-шағымдарына уақытысында жауап берулеріне т.б мәселелер бойынша айрықша көңіл бөлу керектігі басты назарда болатыны да ескертілді.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус орнату мәселесі еліміздегі «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңында анық көрсетілген. Сондықтан олардың қоғаммен етене араласып, қажетті нысандарға емін – еркін кіріп шығуына қолайлы жағдай жасау әрбір мекеме, ұжым басшыларының басты міндеті болып табылады. Біздің басты мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау. Көпшілік мекемелерде пандус орнатылғанымен талапқа сай жасалмаған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігіне сай жағдай жасау – баршамаздың міндетеміз.
Мүгедектерге арналған пандустарды орнату кезінде олардың қауіпсіздігі мен пайдаланудың ыңғайлылығына ерекше назар аударылады.
Талғар ауданы бойынша 2026 жылдың мемлекеттік қызметтерді көрсетуде туындаған мәселелер мен кемшіліктерді қарау жөніндегі жұмыс тобы бойынша 6 мемлекеттік органдарға тексеріс жүргізілді.
Тексеріс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз етуді бақылау бойынша арнайы жұмыс тобының ұсыныстары мен кемшіліктерді жою бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс тобының нәтижесінде көрсетілген кемшіліктерді және бұзушылықтар туралы тиісті мемлекеттік органдарға ұсынымдар жіберілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік орындардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығы зор.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау болып табылады.
Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты – азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.
Құжаттамалық қамтамасыз ету,
мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттар технологиялар
бөлімінің бас маманы Ж.Шапиева