Талғар ауданының
2026 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары туралы анықтамасы
Бюджет
Жалпы бюджетке 29 561,4 млн.теңге салықтық түсімдер жиналып, жоспар 91,6 % орындалған (өткен жылмен салыстырғанда 119,4%). Оның ішінде:
Республикалық бюджетке 15 623,9 млн.теңге түсті, жоспар 77,8% орындалды (өткен жыл деңгейіне - 129,3%).
Жергілікті бюджетке 13 937,6 млн.теңге түсімдер жиналған, жоспардың орындалуы 114,2%, (өткен жыл деңгейіне – 109,9%).
Жергілікті бюджеттің ішінде:
-аудандық бюджетке -6 129,7 млн.теңге түсіп, болжам 113,0 %-ға орындалған (өткен жылмен салыстырғанда 96,7%);
-ауылдық бюджетке 4 381,7 млн. теңге түсіп, болжам 134,4 %-ға орындалған (өткен жылмен салыстырғанда 135,9%).
Бюджет шығындары
Бюджет шығындарының көлемі 9 011,2 млн. теңгеге жетіп, жоспардың орындалуы - 99,9 % құрады (жоспар – 9 023,6 млн. теңге).
Ауылшаруашылығы
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жиынтық көлемінің құны 9 240,8 млн.теңгені құрады. Жоспардың орындалуы – 112,2%. Нақты көлем индексі 110,0 % жеткізілді (жоспар-106,6%).
Үстіміздегі жылы егіс алқабы 20 805 га құрамақ. Оның: 9 710 га дәндік-дақылдар, 2 550 га майлы дақылдар, 689,3 га картоп, 916,4 га көкөніс, 101,1 га бақша, 6 838,2 га мал азықтық дақылдар болып жоспарланған.
Аудан аумағында көктемгі егіс дала жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бойынша аудандық штаб құрылып, бекітілген жоспарға сәйкес, 12 200 га жерге ылғал жабылып (94,3 % жоспар-12942 га), 7550 га жер жыртылып (60,7 % жоспар -7863 га), 13840 га алқап егіс алдындағы өңдеумен қамтамасыз етілді (95 % жоспар-14563 га).
2 100 га күздік дәндік дақылдардың (1100 га бидай, 200 га арпа, 800 га тритикали), бүгінгі күнге жағдайы қанағаттандырарлықтай.
Қажетті жаздық дақылдардың 303 тоннасы «КазАгроЭКС» серіктестігінен тұқым сынамаларынан өтті.
Бүгінгі күнге 600 га алқапқа жаздық дақылдар егілді. 50 га алқапқа жаңа жеміс-жидек көшеттері отырғызылуда.
Аудан егіс науқанын ойдағыдай өткізуге техникамен толық жабдықталған, дайындығы 100,0 % құрайды. Көктемгі егіс науқан жұмыстарына 614 трактор, 457 трактор тіркемесі, 229 соқа, 154 культиватор, 250 тырма, 218 тұқым сепкіш жұмылдырылуда.
Ағымдағы жылға 76 дана жаңа техника сатып алу жоспарлануда. Бүгінгі күнге 28 жаңа техника 1092,6 млн.теңгеге сатып алынды, о.і. лизинг арқылы 20 техника 947,6 млн.теңге (жоспарға -36,8 %).
Көктемгі егін жұмыстарына «Gosagro. kz» порталына 6 ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 761,3 тонна дизель отынына өтінім берілді, бүгінгі күнге 80 тонна немесе 10,5 % игерілді. Қазіргі сатте Петрофон компаниясымен келісім-шарт жасалынуда.
Ағымдағы жылы минералды тыңайқыштарды енгізу қажеттілігі – 6 100 тоннаны құрайды. (2025 жыл – 4509 тонна). Бүгінде сатып алынғаны 631 тонна, 10,3 % игерілді.
«Кендала» бағдарламасы аясында 721 млн.теңге қаражат бөлінді. Бүгінде 280 млн.теңге несие алуға шаруашылықтар тарапынан құжаттар өткізілді ("Acd Invest" ЖШС - 200 млн.теңге, «Жаннур» ШҚ - 50 млн теңге, «Баубаев» ШҚ– 10 млн.теңге, «Сегун» ӨК - 20 млн.теңге).
Аудандағы 19563 гектар суармалы жерлердің 8 291 гектары немесе 42,4 %-ы су үнемдейтін технологиялармен суарылады. Оның 6 864 га жаңбырлатып суару әдісін, 1 397 га тамшылатып суару әдісін қолданады.
Осыған қоса осы жылы қосымша 3037 га алқап су үнемдеу технологиясымен игерілетін болады (о.і. 500 га тамшылату, 2537 га жаңбырлату әдісі).
Ағымдағы жылы су үнемдеу технологиясын 3 037 гектар алқапқа (о.і.: 500 га тамшылату әдісі, 2537 га жаңбырлату әдісі) енгізу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күнге «Ауыл аманаты» аясында, микрокредит берудің және лизингтің басым бағыттарын айқындай отырып, әрбір ауылдық елді мекен бөлінісінде скрининг негізінде талдамалық ақпарат дайындалды (скрининг). Ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан қалыптастырылған лимит бойынша жобалар тізімі бекітілді. Бүгінгі күнге «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында лимит қайта қарастырылып 80 жобаға 1 млрд. теңге бөлінді. (Оның, -10 жобасы егін шаруашылығы (1-ЛПХ) – 131 912 500, -37 жобасы мал шаруашылығы (2-животноводство) – 418 469 000 теңге, -7 жобасы қайта өңдеу саласы (3-переработка) – 242 200 000 теңге, -26 жобасы басқалары бизнес саласы (5-прочие) – 233 400 000 теңге.)
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 2 848,5 тонна ет (былтырғы жыл деңгейінен 521,2 тоннаға артық, өсу деңгейі- 122,4 %), 9 153,1 тонна сүт (93,5 тоннаға артық, 101,0 %), 8 266,3 мың дана жұмыртқа (13,1 мың данаға кем, 99,8 %) өндірілді.
Статистикалық деректерге сәйкес, шаруашылықтардың барлық санаттарында:
- 35 815 бас ірі қара (2025 ж. сәйкес мерзіміне -9274 басқа аз, өсу деңгейі – 79,4 %);
- 125 361 бас қой мен ешкі (623 басқа аз, 99,5 %);
- 15 031 бас жылқы (447 басқа көп, 103,1 %);
- 537 бас шошқа (163 басқа көп, 143,6 %);
- 396 бас түйе (4 басқа көп, 101,0 %);
- 289,3 мың бас құс (17,7 мың басқа көп, 106,5 %) тіркелген.
Қой шаруашылығында төл алу науқаны басталды. Аудан бойынша барлық шаруашылық құрылымдарында 54 009 бас саулық қоздайды. Бүгінгі күнге 39 349 қозы алынды, 100 аналыққа есептегенде 90 қозыдан айналуда.
Мал мен құс басын көбейту мақсатында, «Алель Агро» АҚ Венгрия мемлекетінен 31,7 мың бас «Arbor Acres» асыл тұқымды тәуліктік балапандарды 187,7 млн.теңгеге сатып әкелді. «Алматы» кооперативі 412 бас «Голштин Фриз» құнажындарын Ресей мемлекетінен елге жеткізді.
Жалпы құны 19 964 млн.теңгені құрайтын, 425 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз ететін, жаңа 3 жоба іске асырылуда:
Осы аталған жобаларда тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Өнеркәсіп
Өнеркәсіп орындарымен өндірген өнім көлемі 35 227,5 млн.теңгені құрап, жоспар 100,9% орындалды. Нақты көлем индексі – 267,9 % (жоспар-106,8).
Жыл басынан бері ауданда 2 жаңа өндірістік нысан және 1 өндіріс кеңейту жобасы іске қосылды, жалпы инвестиция көлемі – 2 256,0 млн теңге, 77 жұмыс орны ашылды:
- ЖШС «Жібек көрпесі» - тігін цехы (Бесағаш ауылы) – көрпе тігу, жүн өңдеу, көрпе мен жастықты қалпына келтіру. Өндірістік қуаты – жылына 100 данаға дейін, инвестиция – 6 млн. теңге, 2 жұмыс орны;
- ЖШС «Khan Gourmet» - ет өңдеу зауыты (Панфилов ауылы) – ірі қара және құс етін өңдеу. Өндірістік қуаты – жылына 10 мың тоннадан астам, инвестиция – 2000 млн теңге, 75 жұмыс орны;
- ЖШС «Anadel» өндірісін кеңейту (Қарабулак ауылы) – қышқыл сүт өнімдері өндірісі. Өндірістік қуаты – жылына 500 тонна (373,4 млн теңге), инвестиция – 250 млн теңге, 5 жұмыс орны.
Шағын және орта бизнес
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің белсенді саны – 26 202, өткен жылмен салыстырғанда 113,6% өскен, бұл салада 48 745 адам жұмыспен қамтылып, өткен жыл деңгейіне 115,9% артқан.
Өндірілген өнім көлемі – 110,0 млрд. теңге (жедел деректер), бюджетке 10,2 млрд. теңге салықтық түсімдер түсті, өткен жылмен салыстырғанда тиісінше 113,0%, 105,1% өскен.
Жыл басынан бері ауданда сауда және қызмет көрсету саласының 8 нысаны пайдалануға берілді. Жаңа нысандар қатарында дүкендер, мейрамхана, сауда нүктесі бар көлік жуу орны, сондай-ақ көпфункционалды сауда кешені бар («24/7», «SULTAN SEDLO» дүкендері Гүлдала ауылы, «Диана» дүкені Жалқамыс ауылы, «Nemat» дүкені Көктал ауылы, «Бақыт» мейрамханасы Жалқамыс ауылы, Көлік жуу орны және дүкен ЖК «Лаптиева Е.И.» Кендала ауылы, Сауда кешені ЖК «Үкібай» Тұздыбастау ауылы, Дүкен ЖК «Мендіжасаров» Тұздыбастау ауылы).
Пайдалануға берілген нысандардың жалпы ауданы – 1642,4 шаршы метр, 41 жұмыс орны құрылды, инвестициялар көлемі – 419,0 млн теңге.
Тауарайналым
Бөлшек тауар айналымының көлемі 37 817,7 млн. теңгені құрады, жоспардың орындалуы - 105,9%. НҚИ – 100,3 % (жоспар-105,5 %).
Көтерме сауда айналымы – 43 490,7 млн. теңге, жоспардың орындалуы - 73,7%. НҚИ – 101,6% (жоспар-145,0%).
Туризм
Ауданда 38 туристік объектілер қызмет көрсетеді (оның ішінде 9 – Талғар қаласында, 29 – ауылдық округтерде). Оларда 566 адам жұмыспен қамтылған.
Инвестиция
Негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 25 403,2 млн.теңгені құрады, жоспардың орындалуы – 115,9%. Нақты көлем индексі – 157,5% (жоспар-100,0%).
Ауданда жалпы құны 697,0 млрд теңге болатын 38 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда (8 311 жұмыс орны).
Ағымдағы жылы жалпы сомасы 19,4 млрд теңге болатын 6 жобаны аяқтау жоспарлануда, 330 жұмыс орны құрылады:
ЖШС «Meisster Company» – құрғақ құрылыс қоспалары зауыты (3,3 млрд теңге);
ЖШС «СтройИнвест TS» – көпфункционалды өндірістік-логистикалық кешен құрылысы (6,0 млрд теңге);
ЖШС «Hong Shun» – сұйық шыны өндірісі зауыты (7,0 млрд теңге);
ЖШС «UneedUs» – асфальтбетон қоспаларына целлюлозды тұрақтандырғыш қоспа өндірісі (0,655 млрд теңге);
ЖШС «Транспортная компания «Аманат» – транс-логистикалық орталық құрылысы (0,755 млрд теңге);
ЖШС «TAMA Caps» – кофемашиналарға арналған алюминий капсулдары өндірісі (1,6 млрд теңге).
Қалған жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, кейбірінде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
Құрылыс жұмыстары, тұрғын үй
Құрылыс жұмыстарының көлемі 8 721,3 млн.теңге, жоспардың орындалуы- 90,4%. Нақты индекс көлемі -102,9% (жоспар-117,9%).
73,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді, жоспардың орындалуы - 253,0%. Нақты индекс көлемі – 148,0% (жоспар-58,5%).
Үстіміздегі жылы бюджеттік қаражаттар есебінен келесі жобаларға қаржы қарастырылған:
жұмыстарына - 431,5 млн. теңге (өтпелі жобалар);
мы мен абаттандыру жұмыстарына - 199,8 млн. теңге;
2 386,2 млн. теңге.
Коммуналдық шаруашылық саласы
Су жүйесі
46 елді мекеннің 44-де су жүйесі орталықтандырылған, қамту деңгейі – 95,6%. Орман,Жанаарна ауылдары орталықтандырылмаған. Желілердің тозу деңгейі - 90%.
2024 жылдан бері Бесағаш (оңтүстік бөлігі), Кіші Байсерке, Ақдала ауылдарының су құбыры жүйесін салу жұмыстары аясында 83 шақырым су желілері салынуда.
Талғар қаласындағы селден қорғау бөгетінен №2 учаскеге дейінгі магистральдық су құбырын қайта құру және салу жұмыстары аясында 10 495 метр су желілері салынуда.
Электр жабдықтау
Аудан аумағында жалпы 1996 ТП және 2192 км. электрмен жабдықтау желілері бар.
Қызыл Қайрат ауылының электр желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуді аяқтауға 2026 жылға 9,0 млн. теңге бөлінді. Жұмыстар жүргізілуде, аяқталуы - 2026 жылдың 3 тоқсаны.
Жылумен жабдықтау
Талғар ауданында 252 көпқабатты үй бар, оның 198 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтылған.
Қазіргі таңда 8 көпқабатты тұрғын үйге 3 блокты-модульды қазандықтар орнату жұмыстары жүргізілуде, оларға 2026 жылы 304,0 млн. теңге қаржы бөлінген (Рысқұлов 83, Қашқари 3,7,9, Емелев 16, Жандосов 37,38 Ноғайбаев 18).
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталу мерзімі - 2026 жылдың 3 тоқсаны.
Газбен жабдықтау
Талғар ауданы бойынша жалпы 46 елді мекеннің 42-сі газбен жабдықталған, немесе 997,53 шақырым (91,3%).
Қазіргі таңда 4 ауылдың газдандыру жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылы басталды (Қаратоған, Нұра, Өстемір, Туғанбай). Жұмыстар инвестордың қаражаты есебінен жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталуы -2026 жылдың 4 тоқсаны.
Жолдар
Талғар ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы –1315,5 шақырымды құрайды, оның ішінде:
- республикалық маңызы бар - 56 км.
- облыстық маңызы бар - 213 км.
- аудандық және ауылішілік - 1046,5 шақырым оның ішінде:
аудандық маңызы бар жол – 86 км
ауылішілік жолдар – 960,5 км.
Аудандағы аудандық және ауылішілік жолдардың 750 шақырымы жақсы жағдайда -71,7 % (асфальтобетон), 296,5 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда - 28,3% (қиыршық тас, топырақты).
Үстіміздегі 2026 жылға 4,7 млрд. теңгеге 70 көшеге, яғни 67 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда:
Ауыспалы жобалар - 18 шақырым.
Орташа жөндеу - Талғар қаласы 4,3 шақырым, Қайнар ауылдық округі 3,6 шақырым және Жайлы мектеп Коктал (мкр.Айганым) 1,2 шақырым.
Ағымды жөндеу - Кеңдала, Бесқайнар, Тұздыбастау а/о - 6,2 шақырым және Талгар, Гүлдала, Бесағаш, Алатау - 2,7 шақырым.
Орташа жөндеу жұмыстары (жаңа) - 32,9 шақырым жолды жөндеуге 1 886,4 млн.тенге қаражат бөлінді (8 жоба).
Белбұлақ, Кеңдала, Алатау, Нұра, Қайнар (Жалгамыс, Жаңалық), Тұздыбастау, Гулдала, Панфилов (ҚызылТу) ауылдық округтердің көшелері кіреді.
Ағымды жөндеу жұмыстары - 16,1 шақырым жолды жөндеуге 1 839,1 млн.тенге қаражат бөлінді (5 жоба).
Белбұлақ (Бірлік), Кеңдала (Енбекши), Алатау (Шымбұлақ, Рыскулов, Амангелді), Нұра (мкр.Төлеби), Қайнар (Жалгамыс, Айганым), Тұздыбастау ауылдық округтердің жолдар.
Қазіргі уақытта Талғар қаласында орташа жөндеу Тұздыбастау ауылында ағымды жөндеу жұмыстары басталды.
Қалған жобалар бойынша конкурстық іс шаралар жүргізілуде.
Жол қауіпсіздігі
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жалпы 158,8 млн. теңге қаралды.Оған:
- 200 дана жол белгілері орнату;
- 2000м2 пластикпен жаяу жүргіншілер жолағын сызу және жаңарту;
- 1500 м2 бояумен (краска) жаяу жүргіншілер жолағын аудан бойынша сызу және жаңарту;
- 5 шақырым ыстық пластикпен Осьтік сызық сызу;
- 40 бағдаршам нысандарын күтіп ұстау жұмыстары жүргізу.
- 1 жаяу жүргіншілер бағдаршамын орнату.
- 15 аялдама аудан бойынша орнату жоспарда.
Жолаушы тасымалы
Аудан бойынша 11 ауданаралық автокөлік маршруттарында 46 автобус (9-резерв) жұмыс жасайды. Тасымалдау қызметін «Тұлпар экспресс-А» ЖШС жүзеге асырады.
Электрондық билет «Алем Пэй» жүйесі жұмыс істейді.
Оқушылардың жолақысы 50% жеңілдікпен 60 теңгені құрайды.
Алтын алқа, Күміс алқа иегері және 1-топ мүмкінгіді шектеулі жандарға жол ақысы тегін.
2026 жылы 8 автобус жаңартылды.
2026 жылға автобус маршруттарын субсидиялауға 801,0 млн.тенге қаражат бөлінді.
Бүгінгі күні 800 мың адам тасымалданып, 256,0 млн.тенге игерілді (32,0%).
Әлеуметтік сала
Білім саласы
Ауданда 59 білім беру нысандары (о.і 46 мемлекеттік, 12 жекеменшік мектеп), 2 мектепаралық оқу-өндірістік мекеме, 5 мектептен тыс қосымша білім беру мекемесі, 1 облыстық мектеп-интернат жұмыс жасайды. 55 939 оқушы білім алуда. Білім сапасы- 68,2%. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда білім сапасы 1,4%-ға өсті (2025 жыл 64,8%).
Ауданда үш ауысыммен оқитын 3 мектеп бар (№13,31 ОМ Тұздыбастау а. №42 ОМ Кендала а.).
Үш ауысымды мектептерді жою мақсатында, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша ағымдағы жылы 3600 орындық 4 мектеп пайдалануға беріледі (Жалғамыс а. 600 орын, Қызылту а. 900 орын, Тұздыбастау а. 1 500 орын, Айғаным а. 600 орын).
Оқушыларды тасымалдау
Мектебі жоқ 23 елді мекен, 7 саяжай кооперативі, 27 ықшам аудан, жаңа құрылыстардан 7369 оқушы тасымалданып оқытылуда. Оқушылар тасымалдауын ұйымдастыруға 46 автобус берілген. Мектеп теңгерімінде – 13, автопарк теңгерімінде -10, жеке кәсіпкерлер теңгерімінде – 23 автобус.
Ыстық тамақпен қамтамасыз ету
35 асхана, 10 буфет жұмыс істейді. 1-4 сыныптарда 23 086 оқушы, 5-11 сыныптардағы әлеуметтік осал санаттағы 5 375 оқушы, барлығы 28 461 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Инклюзивті білім беру
43 мектепте (73,3 %) инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Инклюзивті білім берумен 366 бала қамтылған, 45 мектепте 349 оқушы үйден оқытылады.
Кәмелетттік жасқа толмағандармен жұмыс
Полиция басқармасының есебінде тәуекел аймағындағы 4 кәмелетке толмаған бала, құқық бұзуға бейім 173 оқушы мектепішілік есепке алынған. Олармен жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде.
Педагогтар туралы
Жалпы білім беретін мектептерде 5 048 педагог жұмыс істейді. 1 349 педагог аттестатталды (оның ішінде педагог-шебер – 28, педагог-зерттеуші – 420, педагог-сарапшы – 292, педагог-модератор – 1738).
Орыс тілінде білім беретін химия, физика, математика, биология пәндерінен 11 педагог жетіспейді. Жетіспейтін пән мұғалімдерімен қамтамасыз ету үшін педагогтарды қайта даярлау курстарынан өткізу жұмыстары жүргізілді.
Күрделі жөндеу
Қызылту ауылындағы №24 орта мектеп ғимаратына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1 млрд. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.
3 мектепте (№2, №10, №12) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Белбұлақ ауылындағы №10 орта мектепте құрылыс-монтаж жұмыстары 98%-ға атқарылған.
Нұра ауылындағы №12 орта мектеп ғимаратының құрылыс-монтаж жұмыстары 85 % аяқталған.
Талғар қаласындағы №2 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары 73 %-ға аяқталды.
Бала- бақша
Ауданда барлығы 188 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді 6 (1140 бала) мемлекеттік балабақша, 182 (15755 бала) жекеменшік балабақша.
Мектепке дейінгі 2-6 жас балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші - 96,7 %, 3-6 жас аралығындағы бала саны -14619, мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші -99,3 %.
Денсаулық сақтау саласы
Аудан тұрғындарына 1 - аудандық орталық аурухана, 7- алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы, 13 - дәрігерлік амбулатория, 7 - фельдшерлік-акушерлік пункті, 7 - медициналық пункті және жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдары қызмет көрсетеді.
3578 адам емделіп, 22693 төсек - күн өткізген.
Халықты еңбекпен қамту
«Аумақтық жұмыс орындарын құру картасына» сәйкес 2026 жылы -5 441 жұмыс орнын құру көзделген. Оның ішінде тұрақты – 3 838, уақытша – 1 603.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында барлығы - 1 088 жұмыс орны ашылды немесе 20%, оның ішінде – 673 тұрақты, 415 - уақытша.
Қазақстан Республикасының «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес:
- жұмыспен қамтудың белсенді шараларына – 1 513 адамды тарту жоспарланған, нақты орындалуы - 1 092 адам (72,2%);
- ағымдағы жылы сәуір айынан бастап 71 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберу жоспарланып отыр. Оның ішінде 50 адамды оқу орталықтарының базасында, қалған 21 адамды жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқыту ұйымдастырылады;
- жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға ағымдағы жылы -120 адамға грант беру жоспарланды. Мемлекеттік гранттар алуға өтінімдер беру мерзімін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілейді және Business.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады;
- Busness.enbek.kz порталында «Бастау бизнес» жобасы арқылы оқып - 71 адам оқып сертификаттарын алды, жылдық жоспар – 600;
- Жастар тәжірбиесін ұйымдастыру бойынша жылдық жоспар – 165 жас маманға қолдау көрсету болса, нақты орындалғаны 41 адам, немесе 24,8 %;
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жылдық жоспар - 99 адам, нақты орындалғаны - 89 адам немесе 89,8 %;
- Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жылдық жоспар - 1 148 адам, нақты орындалғаны - 900 адам немесе 78,3 %;
- Зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтарға арналған «Күміс жас» жобасын ұйымдастыру бойынша жылдық жоспар - 101 адам, нақты орындалғаны – 62 адам немесе 61,3 %;
- Мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындары бойынша 10 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, квота бойынша 3 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды;
- Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар бойынша 13 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, Талғар ауданы Мансап орталығына 12 азамат жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгінді, оның ішінде квота бойынша 4 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды;
- Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар бойынша 5 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 2 адам жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгініп, квотаға сәйкес 1 адам;
- 2026 жылдың 1 тоқсанында тікелей кәсіпорындар, оқу орындары мен ауылдық кенттік округі әкімшіліктерінде - 1 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және 1 рет ашық есік күндері өткізілді. Барлығы 80 жұмыс ізденушілер және 5 жұмыс берушілер қатысты.
Спорт пен дене шынықтыру
Ауданда 247 спорттық нысан халыққа қызмет көрсетуде. Оның ішінде, 3 стадион, 2 спорттық сауықтыру кешен, 9 жүзу бассейн, 64 спортзал, 60 спорт лаңдары, 57 футбол алаңы, 12 соңғы үлгіде жасалынған шағын-футбол алаңдары, 6 теннис корты, 4 тау шаңғы трассалары, 1 жабық хоккей алаңы, 5 спорт мектебі және т.б. 24 спорттық объектілері.
Талғар ауданы халқының 35,5% астамы спортпен айналысуда.
Жоспарға сәйкес 95 іс-шаралар өткен, 30 мыңнан аса адам қатысты.
Мәдениет және тілдерді дамыту
Аудан тұрғындарына 18 мәдениет ошақтары қызмет көрсетеді: аудандық мәдениет үйі, саңыраулар клубы, Тұздыбастау, Нұра, Қызыл-Қайрат, Бесағаш ауылдық мәдениет үйлері, аудандық кітапхана, балалар кітапханасы, Нұра, Панфилов, Қызыл –Қайрат, Белбұлақ, Кеңдала, Гүлдала, Төңкеріс, Тұздыбастау ауылдық кітапханалары, Жаңалықта саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған музей, архив аудан тұрғындарына мәдени-көпшілік қызмет көрсетеді.
Мәдениет үйлерінде 141 іс - шара ұйымдастырылды.
Жоспарға сай тілдік жағдайды зерделеу мақсатында ауданға қарасты мемлекеттік мекемелердің және қала, ауылдық округ әкімшіліктердің кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жасалып отырады. Аудандағы мемлекеттік тілдің қолдану көрсеткіші 92,7 пайыз.
Құқық бұзушылық
Қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы тіркелуі – 10,4 % (461-ден 413-ге дейін) төмендеді.
Дегенмен, адам өлтіру - 3 жағдайға (1-ден 4-ке дейін), мал ұрлығы -1 жағдайға (2-ден 3-ке дейін), ұрлық – 3 жағдайға (2-ден 5-ке дейін), нашақорлық - 4 жағдайға (5-тен 9-ға дейін), заңсыз қаружарақ сақтау - 2 жағдайға (3-тен 5-ке дейін) өсті.
Жалпы аудан бойынша қылмысты ашу көрсеткіші 78,3 %-ды құрап, 2025 жылмен салыстырғанда 3,7 %-ға өскен.
Талғар ауданының экономика
және қаржы бөлімі