«Талғар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) белгілеу туралы» бірлескен Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 05 наурыздағы № 55-231 шешіміне және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 06 наурыздағы № 03-71 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

 

______________________ № _______

Талғар қаласы

 

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ

ӘКІМДІГІ

 

______________________ № _______

Талғар қаласы

 

БІРЛЕСКЕН ШЕШІМ ЖӘНЕ ҚАУЛЫ

 

 АЛМАТИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

ТАЛГАРСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ

 

______________________ № _______

город Талгар

 

АЛМАТИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

АКИМАТ

ТАЛГАРСКОГО РАЙОНА

 

______________________ № _______

город Талгар

 

СОВМЕСТНОЕ РЕШЕНИЕ И ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

 

«Талғар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) белгілеу туралы» бірлескен Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының
2026 жылғы 05 наурыздағы № 55-231 шешіміне және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 06 наурыздағы № 03-71 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Талғар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) белгілеу туралы» бірлескен Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының
    2026 жылғы 05 наурыздағы № 55-231 шешіміне және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 06 наурыздағы № 03-71 қаулысына қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бірлескен мәслихат шешімінің және әкімдік қаулысының

1-тармағында:

1) тармақшасының 3-абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Амангелді ауылының шекарасы (шегі) 65,8888 гектарға өзгертіліп, Амангелді ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 147,9003 гектар болып белгіленсін;»;

1) тармақшасының 6-абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Қызыл Қайрат ауылының шекарасы (шегі) 218,3174 гектарға өзгертіліп, Қызыл Қайрат ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 651,0753 гектар болып белгіленсін;»;

1) тармақшасының 7-абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Рысқұлов ауылының шекарасы (шегі) 65,1528 гектарға өзгертіліп, Рысқұлов ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 357,8778 гектар болып белгіленсін;»;

3) тармақшасының 1-абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Бесқайнар ауылының шекарасы (шегі) 224,0572 гектарға өзгертіліп, Бесқайнар ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 475,7847 гектар болып белгіленсін;»;

4) тармақшасының 2-абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Бірлік ауылының шекарасы (шегі) 79,2011 гектарға өзгертіліп, Бірлік ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 441,2702 гектар болып белгіленсін;»;

4) тармақшасының 3-абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Талдыбұлақ ауылының шекарасы (шегі) 320,8274 гектарға өзгертіліп, Талдыбұлақ ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 633,2253 гектар болып белгіленсін;»;

5) тармақшасының 2-абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Кіші Байсерке ауылының шекарасы (шегі) 208,9112 гектарға өзгертіліп, Кіші Байсерке ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 435,9112 гектар болып белгіленсін;»;

6) тармақшасының 3-абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Еркін ауылының шекарасы (шегі) 49,6906 гектарға өзгертіліп, Еркін ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 247,9137 гектар болып белгіленсін;»;

6) тармақшасының 4-абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Жаңалық ауылының шекарасы (шегі) 116,1974 гектарға өзгертіліп, Жаңалық ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 774,7974 гектар болып белгіленсін;»;

8) тармақшасының 1-абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Нұра ауылының шекарасы (шегі) 928,7538 гектарға өзгертіліп, Нұра ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 1599,8325 гектар болып белгіленсін;»;

9) тармақшасының 5-абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Панфилов ауылының шекарасы (шегі) 315,2207 гектарға өзгертіліп, Панфилов ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 1428,0463 гектар болып белгіленсін;»;

9) тармақшасының 6-абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Төңкеріс ауылының шекарасы (шегі) 31,5791 гектарға өзгертіліп, Төңкеріс ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 202,5834 гектар болып белгіленсін;».

  1. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі және Талғар ауданы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі және Талғар ауданы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланғанған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы облысы Талғар аудандық

мәслихатының төрағасы                                                    М. Алибеков

 

 

Алматы облысы

Талғар ауданының әкімі                                                    Т. Айдарбеков

 

 

Дата публикации
13 мая 2026