Алматы облысы Талғар ауданы
Талғар қаласы әкімінің сайлау нәтижелері туралы
ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 26 сәуірінде Талғар ауданы, Талғар қаласы әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 43 429 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 10 080 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 58 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Талғар ауданы, Талғар қаласы әкімі сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:
Бекеев Бауыржан Жанұзақұлы үшін сайлаушылардың 1 348 дауысы берілді;
Имангалиев Досым Болатұлы үшін сайлаушылардың 993 дауысы берілді;
Нұрхан Әділхан Лесханұлы үшін сайлаушылардың 7 651 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 51.
Сайлау қорытындылары бойынша Талғар қаласының әкімі болып:
1981 жылы туған, Бесағаш ауылының тұрғыны Әділхан Лесханұлы Нұрхан сайланды.
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы