
Алматы облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мирзагалиев Мағзұм Маратұлы «Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің «Талдықорған орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметімен және техникалық жабдықталуымен танысты. Сапар барысында орман шаруашылығының проблемалық сұрақтары және орман шаруашылығын дамыту перспективалары мәселелері талқыланды.