
Жыл сайын облыс бойынша Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, құқық қорғау органдары, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен орман және жануарлар дүниесін қорғау жөнінде бірлескен жұмыс жоспары бекітіліп, іс шаралар атқарылуда.
2019 жылы «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен, Алматы облысының Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметкерлерімен, сонымен қатар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлескен 58 рейд және тексерістер өткізді. Бірлескен рейдтік шаралардың нәтижесінде 78 табиғат заң бұзушылықтар анықталды. Табиғат заңдылығын бұзушыларға 1300375 теңге айыпұл салынып, 56 табиғат заң бұзушылардан 719625 теңге өндірілді.