БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ КЕҢЕС

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ КЕҢЕС

2020 жылдың 27 ақпанында Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. У. Маминнің қатысуымен балық шаруашылығын ұзақ мерзімді дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті.

Оның барысында 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының Тұжырымдамасы және балық саласын ел экономикасын дамытудың басым бағытына қосу талқыланды.

Алматы облысының атынан Алматы облысы әкімінің орынбасары, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, "балық шаруашылығы Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ өз өнімімен көрмеге балық өнімін өндейтін, балық өсіруімен және балық қорығын өндірісімен айналысатын  балық шаруашылығы субъектілері "РЫБПРОМ" ЖШС, "AQUA ALLIANCE" ЖШС, "King Fish" ЖШС қатысты.