АКЦИЯ «ВСЕ КАЗАХСТАНСКИЙ ДЕНЬ ПОСАДКИ ДЕРЕВЬЕВ»

АКЦИЯ «ВСЕ КАЗАХСТАНСКИЙ ДЕНЬ ПОСАДКИ ДЕРЕВЬЕВ»

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен жыл сайын көктем кезінде "Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні" акциясы ұйымдастырылады. 2018 жыл 21 сәуір күні осы бастаманы Алматы облысыда қолдап, облыс бойынша акция ұйымдастырылуда. Акцияға бүкіл аудандар мен қалалар ат салысуда. Былтырғы жылы акцияға облыс бойынша 29,0 мың адам  қатысып, 70,0 мың түп алуан түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Ағымдағы жылы 30,0 мың адам 71,0 мың ағаш отырғызады деп күтілуде.

Акция аясында Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы №15 "Айгөлек" балабақшасының айналасына жүзден аса ағаш көшеттерін отырғызып жатыр. Бұл көшеттер орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің питомниктерінен жеткізілді.