
2022 жылғы 13 сәуірде облыс аумағында өткен «Таза су -2022» тазалық акцияларына «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 4 адам қатысты.
Балқаш көлінің №7, №8 учаткелерінде және Қаратал өзенінің Балқаш көлінің құяр арнасында 100 метрге жуық қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдары алынып, 3 тонна тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар үлкен полиэтилендік қаптарға салынып, қоқыс төгетін орнына апарылып тасталынды.
Акцияға барлығы 25 адам қатысып, 8 автокөлік, 5 жүзу көлігі пайдаланылды.