
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының биоәртүрлілікті сақтау мен қорғау жобасы аясында Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Күрті орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ағымдағы жылдың 15 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы атынан шағын орман өрт кешені базасындағы 2 УАЗ Фермер автокөлігі табысталды. Аталған көлік, ормандағы өрт сөндіру құрал жабдықтарымен жабдықталған; 1 тонналық су бөшкесі, шартылдақтар, күректер, ранцалық су бүріккіш, су сорғыш, бензо ара, дәрі-дәрмек қобдишалары және т.б. өрт сөндіру құралдары.
Облыстың орман шаруашылықтарының материалдық техникалық базасы жылдан жылға жанартылып тұрады және қамтамасыз етілуі нормативтік көрсеткіші 80% астамын құрайды.