Шырша ағаштарын бірге қорғайық.         

Шырша ағаштарын бірге қорғайық.          

 

         Жыл сайын жаңа жылдық мереке жақындаған сайын  оның дәстүрлі символы – жаңа жылдық шыршаға тұрғындардың сұранысы арта түседі. Қылқанжапырақты ағаштардың аса құнды екендігі дау тудырмайды. Қылқанжапырақты ормандар беткейлерді бекітіп, жел мен су эрозиясынан қорғайды, ылғалды сақтайды және жинайды, ал қылқан жапырақты ағаштардың тұқымдары мен жасыл бұтақтарында көптеген дәрілік заттар бар. Қылқан жапырақты ағаштардың  әлсіз жері- олардың баяу өсетіні.      

         Ағымдағы жылғы 22 қарашада № 27-5/254 ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мемлекеттік орман қоры аумағында заңсыз ағаш кесудің алдын алу және болдырмау мақсатында, 2021 жылдың жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқанжапырақты ағаш тұқымдылардың жас талдарын қорғауды күшейту туралы бұйрығы негізінде Басқарма тарапынан 2021 жылдың 25 қараша күні № 54-ММ бұйрығы шығарылып қылқан жапрақты ағаштар өсетің таулы аймақта орналасқан орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне  қорғауды күшейту жөнінде шаралар қабылдауға жолданған.         Қылқанжапырақты ағаш тұқымдылардың жас талдарын  заңсыз кесуден қорғау мақсатында ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан бастап орман шаруашылығы мемекелерінің тарапынан орман алқаптарына апаратын негізгі жолдарда 38 бақылау-өткізу пункттері мен 35 мобильді топтар ұйымдастырылды. Жергілікті газет редакцияларына 1 мақала жарияланды.

         Қазіргі уақытта жаңа жылдық шыршаларды дайындау орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесулер және өзге де мақсаттар үшін ағаш кесулер есебінен, сондай-ақ арнайы жаңа жылдық плантацияларда ғана жүргізіледі. Жаңа жылдық шыршалар мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу үшін ұйымдар мен мекемелерге облыстар әкімдіктерінің өтінімдері негізінде, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің рұқсаты бойынша ғана босатылады, ал тұрғындарға тек құрама шыршалар мен контейнерлердегі тірі шыршаларды ғана сатуға рұқсат етіледі.

         Қылқанжапырақты ағаштардың жас талдарын заңсыз кескені үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  ҚР Кодексінің 381-1-бабына және ҚР Қылмыстық Кодексінің 340-бабына сәйкес жауапкершілік көзделеді, соның нәтижесінде бұзушылық жасаған тұлғаға  600 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.

         Қылқанжапырақты ағаштардың жас талдарын заңсыз кесіп, тасымалдаған жағдайларын көрген кезінде моб. 87774333588, жұмыс - 8/7282/ 329678, 102 және 115 телефон номерларына  хабарлауын сұраймыз.

         Жер өкпесі, жасыл орманға жанашырлық танытып, бірге қорғайық!