Алматы облысының ормандарын молайту және орман өсіру көлемін ұлғайту бойынша 2021-2025 жылдар аралығындағы кешенді жоспары

Алматы облысының ормандарын молайту және орман өсіру көлемін ұлғайту бойынша 2021-2025 жылдар аралығындағы кешенді жоспары

Облысымыздың орман алаңын ұлғайту бойынша «Алматы облысының ормандарын молайту және орман өсіру көлемін ұлғайту бойынша 2021-2025 жылдар аралығындағы кешенді жоспары» әзірленіп бекітілді (ары қарай Жоспар). Жоспар негізінде ағымдағы жылдың көктемінде мемлекеттік орман қоры аумағында коммуналдық орман шаруашылығы мекемелерімен 147,6 га алқапқа барлығы 635,6 мың дана Шренк шыршасы, қарағаш, Сиверс алмағашы, қайың, жиде және терек көшеттері отырғызылды.

Күзгі ағаш отырғызу және тұқыммен себу жұмыстары қазан айының 20-ан кейін басталып, бүгінгі күнге 24,6 га жерге терек, қарағаш көшеттері отырғызылды, 1173,0 га жерге 5,8 тонна қара сексеуіл тұқымы себілді.

2021 жылға белгіленген жоспар 1341,2 га (отырғызу 168,2 га, тұқыммен себу 1173,0 га) артығымен 1345,1 га жерде орындалды.