
2021 жылғы 18 қыркүйекте облыс аумағында өткен «World Clean UP Day» мен «Birge Taza Qazaqstan» республикалық тазалық акцияларына «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 5 автокөлік, 12 адам қатысты.
Қапшағай су қоймасында Балқаш-Алакөл бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары, «Балық шаруашылықтардың қауымдастығы-BD» заңды тұлғалар бірлестігі және ЖШС «Айнасу» балықшыларымен бірлесе 2500 метр қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдары алынып, 150кг қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды. Жиналған қоқыстар ҚТҚ полигонына жіберілу үшін жағаға шығарылды.
Қаратал ауданындағы Қаратал өзенінде, Байшегір ауылының маңында 100 метрге жуық қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдары алынып, 23 қап тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар үлкен полиэтилендік қаптарға салынып, Алмалы ауылының қоқыс төгетін орнына апарылып тасталынды.
Ақсу ауданындағы Сарыкөл, Көкіш көлдерінде орман шеберлері мен орман күтушілері, қоғам белсенділері және әуесқой балықшылармен бірлесіп, қолдануға тыйым салынған 150 метрге жуық 3 дана ауды, 200 келіге жуық қоқысты белгіленген шұңқырға көму арқылы жойылды.
Акцияға барлығы 60 адам қатысып, 10 автокөлік, 15 жүзу көлігі пайдаланылды.