«Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесімен бекітілген жоспар бойынша 2021 жылдың 18 қыркүйегінде «Су объектілерін заңсыз балық аулау торлардан және жағалау белдеуін тұрмыстық қалдықтардан тазарту» және орман мекемелерінің аймағында көшет отырғызу  жұмыстары ұйымдастырылуда

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р. Склярдың «Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан  халқына   Жолдауын   іске   асыру   жөніндегі   шаралар   туралы»   Жалпыұлттық іс-шаралар   жоспарының 96-тармағын орындау жөніндегі  2021 жылғы 8 маусымдағы  №17-13/01-82//413 тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен«World Cleanup day 2021»/«Birge   –   taza   Qazaqstan» бүкіләлемдік акциясын өткізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов аталған акция бойынша іс -шаралар  жоспарын бекітті. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесімен бекітілген жоспар бойынша 2021 жылдың 18 қыркүйегінде «Су объектілерін заңсыз балық аулау торлардан және жағалау белдеуін тұрмыстық қалдықтардан тазарту» және орман мекемелерінің аймағында көшет отырғызу  жұмыстары ұйымдастырылуда.