Аңшылардың назарларына!   Аң аулау мерзімі 2021 жылғы 4-ші қыркүйекте  ашылады!

Аңшылардың назарларына!    Аң аулау мерзімі 2021 жылғы 4-ші қыркүйекте  ашылады!

         Қазіргі уақытта Алматы облысының аумағында жабайы жануарлардың кейбір түрлеріне аң аулауға рұқсат етілген. Мысалы  суырларды (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа) аулау 1-ші шілдеден бастап ұйқыға жатқанға дейін рұқсат етіледі.  Сонымен бірге  1-ші шілдеден бастап  шалшықшылар мен жылқышы  аулауға  рұқсат етіледі.         Негізгі аң аулау мерзімі 2021 жылғы 4-ші қыркүйектен басталады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген  Aң аулау қағидаларына  сәйкес жабайы аңдардың барлық  аңшылық түрлеріне нақты   аулау мерзімі белгіленгенін атап өту қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында  аң аулау құқығына барлық жеке тұлғалар  келесі жағдайда ие болады:

      -егер аң аулау атыс қаруын қолдана отырып жүргізілетін болса, он сегіз жасқа толған кезде;

      -егер аң аулау   рұқсат етілген басқа да аңшылық құралдарының түрлері, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргізілетін болса, он төрт жасқа толған кезде;

       - белгіленген нысандағы аңшы   куәлігі болған жағдайда;

      - белгіленген нысан  бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат  немесе   аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасын алған жағдайда.