Қазақстанда жануарларды қорғауға қатысты жаңа заң жобасының қажеттілігі туралы бұрыннан айтылып келеді. Жануарларға жасалатын қатыгездік туралы әлеуметтік желілерде жиі айтылады. осыған орай
қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Экология ,геология және табиғи ресурстар министрлігімен «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы қарауда.
Осы Заң жобасы жануарларды қорғау, жануарларға қарау кезінде азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтары мен өзге де заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау мақсатында жануарларға қарау саласындағы қатынастарды реттейді.
Заң жобасының басты қағидалары - үй жануарларын бірыңғай базаға тіркеу, қараусыз және қаңғыбас жануарларды бақылауда ұстау талабы, олардың санын этикаға сай реттеу, жануарларға қатаң қарауды насихаттауға тыйым салу, ауыл шаруашылығы малдарын жас балалардың көзінше союға тыйым салу және тағы басқалар ұсынылып отыр.