
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 01 қыркүйегіндегі жолдауында айтылған 5 жыл ішінде орман қоры аумағында 2 миллиард ағаш отырғызу бойынша тапсырмасын орындау мақсатында, «2021-2025 жылдар аралығында Алматы облысының ормандарын молайту және орман өсіру көлемін арттыру жөнінде Кешенді жоспар» әзірленді. Қазіргі уақытта 14 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері аталған жоспарға сәйкес, 26,0 га мемлекеттік орман қоры аумағында 87,6 мың ағаш отырғызды.
Сонымен қатар «Таза табиғат» ұлттық жобасының тұжырымдамасын іске асыру жөнінде ағымдағы жылдың 11 наурызындағы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице министрі Е. Н.Нысанбаевтың төрағалығымен өткізілген кеңесте берілген тапсырмаларды орындау мақсатында, «Мекенім-жасыл орманым» ағаш отырғызу акциясы елді мекендерде өткізіліп, 24 мың алуан түрлі ағаш көшеттері отырғызлды.