
2020 жылдың 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында бес жыл ішінде мемлекеттік орман қорына 2 миллиард ағаш және елді мекендер аумағына 15 миллион ағаш отырғызу қажетігі атап өтілген. Аталған тапсырманы іске асыру үшін, Алматы облысының ормандарын молайту және орман өсіру көлемін ұлғайту бойынша 2021-2025 жылдар аралығындағы кешенді жоспар әзірленді.
Өңірде 2025 жылға дейін жоспарға сәйкес 35,5 мың гектар алқапқа 77,5 миллион ағаштар мен бұталар отырғызылып, өсіріледі.
Алматы облысының елді мекендерін көгалдандыру өңірлік жоспарына сәйкес, елді мекендерде 1 млн әр-түрлі ағаштар мен бұталардың көшеттері отырғызылады.
Осы шаралардың арқасында 2025 жылға қарай облыста орманмен көмкерілген аумақ 8,6% -дан 9,1% -ға дейін ұлғаяды.
Аталған жоспарларды орындалуы облысымыздың көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді.