Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті ұсыну туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 154-бабына және 293-бабының 3-1-тармағына сәйкес қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілер есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде жыл сайын беруге міндетті.
Есеп нысаны Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 29 шілдедегі "Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" №352 бұйрығымен бекітілген.