Табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімі
Табиғатты қорғау жөніндегі жылдық шаралар жоспарын жасайды және жүзеге асыру жұмыстарымен айналысады.
Табиғатты қорғау шаралары бойынша заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырып өткізеді, шартын жасайды және заңда белгіленген тәрттіпен оның орындалуын бақылайды.
Табиғатты қорғау бағдарламасы бойынша құрылыс және жобалау-сметалық құжаттар жұмыстарының дұрыс орындалуын бақылайды.
Зерттеулер, жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру, табиғи ресурстарды қорғау, өсіру және пайдалану, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалар және жобаларды әзірлеу үшін ғылыми ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды тарту.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді.
Өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді.
Бөлім жоспарлауда және жұмысты атқаруда Қазақстан Республикасы экологиялық кодексі, Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі №119-П бұйрығымен бекітілген қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының типтік тізбесі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу туралы заңымен қолданады.
Облыстың экологиялық жағдайын жақсарту жөнінде қолданып жатқан шаралар
Облыстық табиғатты қорғау шараларын іске асыру мақсатында 2017 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 77 867,7 мың. теңгеге Балқаш ауданындағы Іле өзенінің арнасы сағаларын механикаландырылған тазалау жұмыстары жүргізілді. Тазалау жұмыстары 33,384 шақырым құрады.
102 792,4 мың теңгеге Қаратал ауданындағы қаратал өзенінің арнасына механикаландырылған тазалау жұмыстары жүргізілді. Талдықорған-Үштөбе тас жолы бойындағы Қаратал өзеніне 13 шақырымына жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді, сол түстік жағасының бекіту ұзындығы 1,073 шақырым, оң түстік жағалауы 0,673 шақырымды құрады.
25 784,3 мың теңгеге 4 жұмыс жобалары әзірленді:
2018 жылғы табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру туралы ақпарат
Шабындықтарды, жайылымдарды, жақын орналасқан ауылдық елді мекендерді су басуды болдырмау, сондай-ақ өзен арналарының ағынын жақсарту үшін облыс әкімдігімен жыл сайын гидротехникалық және басқа да шараларды өткізу үшін қаржы бөлінеді.
Мәселен, 2018 жылы облыстың табиғат қорғау іс – шараларына облыстық бюджеттен - 401,2 млн. теңге бөлініп, игерілді.
Табиғатты қорғау іс-шаралар жоспарына сәйкес барлығы - 8 іс-шара іске асырылды, оның ішінде:
1) Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округі Қаратал өзені арнасын механикалық тазалау және түзету;
2) Бaлқaш aудaны Iлe өзeнiнiң Бecтaмaқтaн бacтaп Жидeлi, Қocқызыл, Acaубaй, Шұбapқұнaн aрқылы aрнaлapын мexaниkaлық тaзapту жәнe тeрeңдeту;
2019 жылғы табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру туралы ақпарат
Облыстық табиғатты қорғау шаралар жоспары бойынша 2019 жылы 9 іс-шара іске асырылған, атқарылатын негізгі жұмыстарға облыстық бюджеттен бөлінгені және игерілгені – 430,8 млн. теңге, оның ішінде:
Объектілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары:
1. Балқаш ауданының Топар сағасын механикаландырылған тазарту.
2.Қаратал ауданы Қаратал өзенінің сағасы тармағының арнасын механикаландырылған тазарту.
3.Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округінің Қаратал өзенінің арнасын механикалық тазалау және түзеулеу.
4.Балқаш ауданында Д.А. Қонаев атындағы көпір маңында Іле өзенінің арнасын механикаландырылған тазарту.
Өзге де іс-шаралар және шаралар атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту бойынша:
1.Панфилов ауданындағы уран кен орындарының үйінділерін рекультивациялауға техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.
2.Бағдарламамен белгіленген мониторингтік нүктелерде атмосфералық ауаның, жер үсті суларының, топырақтың және гамма фонның сапасының мониторингі жүргізілді.
3.Текелі қаласы үшін шекті рұқсат етілген шығарындылар жобасы әзірленді.
4. Алматы облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына паспорттау жүргізілді.
5. «Қаратал ауданы Қаратал өзенінің Дельта ағысының арнасын механикаландырылған тазарту (1-кезең ПК0+00-ден ПК 88+80-ге дейін)» объектісі бойынша ЖСҚ түзету.