Меню

Страницы

Статья

ММ Орман шаруашылығы негізгі жұмыстар және мақсаттар

Негізгі жұмыстар және мақсаттар

1) Уәкілетті органмен келісе отырып орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, оларды іске асырады;
2) ормандарды күзетуді, қорғауды,молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
3) мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлеп, іске асырады;
4) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндіру техникаларын, көліктері мен басқа да құралдарын ормандағы өрттерді сөндіруге тарту тәртібін айқындайды, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүріп-тұру өрт сөндіру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;v 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктерінің жұмыс істеуіне жәрдемдеседі;
6) орманда өрт қаупі болатын маусымда мемлекеттік орман қоры аумағында өрттерді сөндіру үшін жанар-жағар май материалдарының резервін жасайды;
7) орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
8) уәкілетті органның және облыстық өкілді органдардың қатысуымен өздерінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөнінде тендерлер ұйымдастырады және өткізеді;
9) өртке қарсы насихатты бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау туралы мәселелердің тұрақты берілуін ұйымдастырады;
10) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнай комиссиялар құрады;
11) орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық іс-шаралар жүргізген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекетік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды;
12) уәкілетті органға беру үшін орман қорының есебі, мемлекеттік орман қоры кадастры, мемлекеттік орман мониторингі жөнінде материалдар әзірлейді;
13) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде яқталған объектілерді және орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізу нәтижесінде өндірілген дайын өнімдерді қабылдайды;
14) жеке тұлғалардың орман қорында жабайы жеміс – жидек және өзге де орман ресурстарын өз қажеті үшін тегін жинау нормалары мен орманды пайдалану төлемақы ставкасын Маслихатқа бекітуге жібереді;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орман қорының аумағы 4087562 гектар , оның ішінде 1703025 гектар ағашты алқап.
Орманды құрайтын ағаштардың түрлері:
1. қылқанжапырақтылар –1613237 га (шырша –136995 га, қарағай-737 га, майқарағай – 7847 га, балқарағай -136 га);
2. жұмсақ жапырақтылар- 32640 га (қайың-11082 га, көктерек –10432 га, терек-4139га, тал-7017 га);
3. қатты жапырақтылар – 5634 га (емен –69 га, шаған- 1104га, үйеңкі –90 га, қарағаш –4371га);
4. сексеуіл -1133992 га ( ақ сексеуіл, зайсан сексеуілі-21176 га, қара сексеуіл –1112816 га);
5. ағаштың басқа түрлері –31758 га ( өрік-249 га, грек жаңғағы-2 га, алма –4900 га, жиде-18475, тораңғы- 8080га, шетен –15га, қара мойыл-35 га, тут-2 га);
6. бұталар –354219 га (талдар- 22753 га, долана –663 га, арша- 88699 га, қарақат-146, жаңғыл-103128 га, тобылғы-30608га, итмұрын- 18621 га, сары қараған –762 га, далалық қараған-1614 га, ақбас жоңышқа-215га, зирек(зерек)-1396га, жимолость-12281га, шеркез –19361га, жүзген (жүзгін)-8753 га, жидек-229 га, шырғанақ-655га, рғай –1234га, жестер,қаражеміс- 57га, қылша- 1га, шабдал –17067га).

Табиғат пайдаланушыларға ақпарат

Қазақстан Республикасы орман кодексінің 29 бабына орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығы ұзақ және қысқа мерзімге болып бөлінеді.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығы тендер нәтижелері туралы хаттама және сол негізге алынып жасалған шарт негізінде туындайды. Орман қорының ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға тендер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік орман қорының ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөніндегі Ережесі» негізінде өткізіледі.
Қысқа мерзімді орман пайдалану құқығы орман билетінің негізінде туындайды.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану түрлері
Мемлекеттік орман қорында орман пайдаланудың:
1) сүрек дайындау;
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
3) қосалқы сүрек ресурстарын ( қабықтар, бұталар, түбірлер,тамырлар, жапырақтар, бүршіктер) дайындау;
4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзгеде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау);
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалану;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану;
7) мемлекекттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.
Өкіметтің қабылдаған «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша орман қоры аумақтарында 338 гектар орман өсімдіктері, онын ішінде 175,6 гектар қылқан жапырақты, 162,4 гектар – жапырақты. 1052,6 мың түп орман қорына орман өсімдіктері отырғызылды, оның ішінде шыршы 748,3 мың түп, қарағаш 98,5 мың түп, жиде 15,7 мың түп,емен 1 мын түп, шаған 22,1 мын түп, 125,4 мың түп алма ағашы мен 41,6 мың түп қайың.
2010 жылдың күзінде 520 гектар жерге сексеул тұқымдары себілген.
Орманды молықтыру мен өсіру питомниктердің жұмысына байланысты, 15 орман питомнигі 249,2 гектар жерге орналасқан. Тұқымбақтағы орманжай бөлімдері-73,8 га., егілімдер –17,2 га, егістіктер (плантация) – 2,22 га, шыршалардың плантациясы 122,9гектаржерге орналасқан.
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдаланудыв реттеу басқармасына қарасты 15 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде аудан әкімдігінен, ауылдық, селолық әкімшіліктерден, төтенше жағдай, өртке қарсы қызмет, ішкі істер бөлімшелерінен , табиғатты қорғау прокуратурасынан, «Казавиабаза» кәсіпорнынан мамандар және орман шаруашылығы қызметкерлерінің қатысуымен Алматы облысы бойынша орман, дала, таулы жерлердегі өрттерді сөндірудегі бірлескен әрекеттестіктер туралы жиналыстар өткізілді.
Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетінің 2011 жылғы 17 ақпанда бекіткен № 25-2-02/71 «Қазақстан Республикасы орманындағы өрт қауіпсіздігі Ереежесіне» сәйкес орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері өртке қарсы комплексті шараларды жоспарлады.

Дата публикации
30 апреля 2020
Дата обновления
30 апреля 2020
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
20 января 2026
2026-2028 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру сатысында "Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы " ММ бюджеттік бағдарламалар жобаларының жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлаймыз
Ақпарат
07 ноября 2025
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес салынатын және ОЖ-ға теріс әсер ететін объектілердің орналасқан жері бойынша есепке алынуға жататын жер қойнауын пайдаланушылардан ОЖ-ға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзғаны үшін айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпарат
Хабарлама
30 сентября 2025
Отчет о возможных воздействиях к «Плану горных работ по добыче россыпного золота на месторождении Кетмень/Предгорный Кетмень в Алматинской области»

Социальные медиа

https://www.facebook.com/

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы