Кәсіпорының негізгі қызметі: су тасқыны мен төтенше жағдайлардың алдын алу және реттеу жөніндегі арнайы жұмыстар, облыстағы өзендердің арнасын үнемі бақлауға алып механикалық тазалау, аршып тереңдету болып табылады.
Балқаш көлінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жылсайын өзендердің арнасын кеңейтіп тазарту жөнінде механикаландырылған жұмыстар жүргізіледі.
Балқаш ауданында Іле өзенінің сағасын 90,2 млн теңгеге тазарту жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстардың көлемі: Ақ Өзекте -233 360 м3, Мырзаш магистралды каналын механикалық тазалау – 63184 м3.
2017 жылы жобалау-сметалық құжаттарға сәйкес 71,9 млн теңгеге Балқаш ауданында Іле өзенінің сағасын механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың көлемі: 5 сағалары механикалық тазаланды: К. Иванович, Май-аскербек, Ранды, Топар-1, Желторангы. Жалпы тазаланған ұзындығы 33,384 шақырым.
2018 жылы облыстық бюджеттен механикалық тазалау жұмыстарына 302,5 млн теңге бөлінді : «Балқаш ауданындағы Қарой ауылын су алу қаупіне байланысты Мұздыбай сағасына бөгет көтеру», «Балқаш ауданындағы Топар сағасын механикалық тазарту».
Айталған шаралардың орындалуының нәтижесінде Балқаш көліне құйылатын судың өтімділігі өсті, ауыл шаруашылығының суғармалы жерлерін сумен қамтамасыз ету жақсарды, балықтың таралуы, сағадағы өсімдік және жануарлар дүниесінің өсу тенденциясы байқалуда.