Іле өзені сағасының табиғи шаруашылық маңызы өте зор. Мұнда климаттық жағдайдың жақсы жерінен аймақта табиғи көлдер жүйесі пайда болып жағалауында өсімдік әлемінің көбейуі байқалып, балықтың таралуы мал шаруашылығына шабындықтар көбейіп жағдайы жақсаруда.
Қапшағай су қоймасының Іле өзенінде (1970) пайдалануға берілуінен бастап және өңірде суғармалы жердің көбейіп дамуынан, өзенінің сағасындағы гидрологиялық жағдай өзгеруде. Бұл негізінен екі фактордың әсерінен пайда болуда:өзенінің өтімділігінің азайуы және Балқаш көлінің деңгейінің төмендеуі-эрозиялық процестердің базисы.
Іле өзені сағасында көптеген тораптарға бөлінеді. Тораптардың кейбіреулерінің арналары әсіресе шығар жерінде шайылып, кейбіреулері қайырлануда. Осының әсерінен бұрынғы арналар жабылып көптеген жаңа торабтар пайда болуда. Іле өзені сағасының көптеген өзектеріндегі кейбір учаскелер шайырлануда және судың өтімділігі азайуда.
Іле өзенінің сағасын қайта қалпына келтіріп, өнімділігін арттыру үшін облыстың табиғатты қорғау шаралары жоспарына сәйкес жыл сайын гидротехникалық іс-шаралар жүргізілуде (тораптарды тазартып және тереңдету).
Гидротехникалық шараларды жүргізу үшін Алматы облысы әкімдігінің 16 қаңтар 2003 жылғы №1 қаулысымен «Балқаш мелиоративтік-механикаландырылған отряды» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылды.
«Балқаш ММО» МКҚК-ның қарауында өндірістік база машина жөндеу шеберханасы және заманауи құрылыс паркі және ауыр техникалар бар.
2018 жылы тендерлік негізде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 2018 жылғы 1 ақпандағы кәсіпорынның мүліктік кешенін кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы №1 келісім-шартқа сәйкес «ММО Балқаш» МКҚК 5 жыл мерзімге «Құрылыс компания «Ақмарал» ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілді.