«Waste Energy Kazakhstan» ЖШС «Өндіріс қуаты 4 МВт/сағ «жасыл» электр энергиясын (ЖЭК) өндіре отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды толығымен кәдеге жарату бойынша қалдықтарды қайта өңдеу зауытының құрылысы» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.
Өтетін орны: Алматы облысы, Іле ауданы, Қараой ауылының Мәдениет үйі, Бейбітшілік көшесі, 10.
Қоғамдық тыңдаулар оффлайн режимде өтеді. Егер төтенше жағдай немесе карантиндік шектеу шаралары енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде ұйымдастырылады.
Қоғамдық тыңдаудың өтетін мерзімі: 2022 жылдың 29 наурызы, сағат 11.00.
Шараны ұйымдастырушы «Waste Energy Kazakhstan» ЖШС, мекенжайы: Алматы қаласы, «Мамыр-3» ықшамауданы, 2 үй, 41 пәтер. БСН 190240016862.
Жоба мердігері: «ECOSERVICE-S» ЖШС, БСН 02014000105.
Қоғамдық тыңдауларға ұсынылған материалдармен https://ecoportal.kz/ порталында және табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhhambyl-tabigat?lang=ru, сондай-ақ, мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Төле би көшесі, 202 «А», 408 кабинет арқылы танысуға болады. Сұрақтар бойынша телефондар: +7 (727) 250-34-08, 250-33-20.
Барлық мүдделі тұлғалар Ecoportal.kz жане 329267eco@mail.ru электрондық поштасына өз ескертулері мен ұсыныстарын жібере алады.
Жоба бойынша материалдар (жүктеу)
Қоғамдық тыңдау ҚР Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарын сақтамауына байланысты өткізілмеді.