Меню

Страницы

Статья

«Жол» ЖШС келесі жоба бойынша ашық отырыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды: Алматы облысының Ақсу және Сарқанд аудандарында орналасқан № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12 және № 13 сегіз кен орындарында топырақты өндірудің тау-кен жұмыстарының жоспары"

«Жол» ЖШС келесі жоба бойынша ашық отырыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды:
1) Жобаның атауы: "Алматы облысының Ақсу және Сарқанд аудандарында орналасқан № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12 және № 13 сегіз кен орындарында топырақты өндірудің тау-кен жұмыстарының жоспары";
2) Аумағына ықпал етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі (егер тыңдаудың бір нысанасы бойынша қоғамдық тыңдаулар біреуден артық әкімшілік-аумақтық бірлікте өткізілсе): 1) Алматы облысы, Ақсу ауданы, Матай ауылдық округі, 2) Алматы облысы, Сарқан ауданы, Лепсі ауылдық округі;
3) Қоғамдық тыңдауларды өткізудің орны, күні және басталу уақыты. Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін: Мекен-жайы: Алматы облысы, Ақсу ауданы, Матай ауылы, А.Қисабеков көшесі, 19. Өткізу күні: «27» қаңтар 2022 жылы, сағат 15:00-де.
Карантин жағдайында қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі, белсенді сілтеме ecoportal.kz бірыңғай экологиялық порталында және ЖАО сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tabigat?lang=ru беріледі.
4) Белгіленіп отырған қызмет бастамашысының деректемелері және байланыс деректері: "Жол" ЖШС, БСН 041140004530, телефон: 8707-6844023.
5) Ықтимал әсерлер туралы есептерді құрастырушылардың немесе стратегиялық экологиялық бағалау бойынша есептерді дайындау бойынша сырттан тартылған сарапшылардың немесе мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерінің құжаттамасын, тиімділікті арттыру бағдарламаларын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеушілердің деректемелері мен байланыс деректері: әзірлеуші Р. А. Құрманғалиев, Тел. 87012775623, ЖСН 830514301679;
6) Бірыңғай экологиялық порталға және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына сілтеме жасау, ол бойынша қоғамдық тыңдауларға шығарылатын материалдармен, ал кейін қоғамдық тыңдаулардың жарияланған хаттамасымен танысуға болады: ecoportal.kz;
7) Көзделіп отырған қызмет, қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ көзделіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұратуға болатын электрондық мекенжайы мен телефон нөмірі (- лері): телефоны: 87076844023, e-mail: kzgeos@mail.ru.
8) Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттар бойынша және қоғамдық тыңдаулардың жарияланған хаттамасы бойынша жұртшылық пен мүдделі жұртшылық өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын жазбаша немесе электрондық нысанда жібере алатын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының электрондық мекенжайы мен пошталық мекенжайы: 329267eco@mail.ru, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 26.

Жоба бойынша материалдар (жүктеу)

Қоғамдық тыңдаудың хаттамасы (жүктеу) орналастырылған күні 28.01.2022 жыл

Аудио және бейне бақылауға сілтеме https://youtu.be/rrQT-2jNbvk

Дата публикации
28 декабря 2021
Дата обновления
28 декабря 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
20 января 2026
2026-2028 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру сатысында "Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы " ММ бюджеттік бағдарламалар жобаларының жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлаймыз
Ақпарат
07 ноября 2025
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес салынатын және ОЖ-ға теріс әсер ететін объектілердің орналасқан жері бойынша есепке алынуға жататын жер қойнауын пайдаланушылардан ОЖ-ға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзғаны үшін айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпарат
Хабарлама
30 сентября 2025
Отчет о возможных воздействиях к «Плану горных работ по добыче россыпного золота на месторождении Кетмень/Предгорный Кетмень в Алматинской области»

Социальные медиа

https://www.facebook.com/

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы