|
Орналастыру күні |
Хабарландыру |
|
31.05.2021 |
ҚР Экологиялық Кодексінің 57-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 2021 жылдың 28 маусымында сағат 10-00-де Алматы облысы, Ақсу ауданы, Арасан ауылдық округі, Арасан ауылы, Ғ.Мамбетов көшесі, 27 мекенжайы бойынша «Арасан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында «Алматы облысы, Ақсу ауданы, Арасан ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу» жұмыс жобасына әзірленген «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» жұмыс жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізіледі. Жоба бойынша құжаттама орналастырылған ЖАО интернет-ресурсының мекенжайы:https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tabigat/activities/directions?lang=ru Жоба материалдарына тапсырыс беруші: «Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, бас жобалаушы «ТалдыкорганГеодезияКварц» ЖШС. Жергілікті атқарушы органның жауапты тұлғасы: «Арасан ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ - Ғалымжанова Р.А. Сараптама жүргізетін орган: «Ведомстводан тыс кешенді сараптама».ҚР ЭК 57-2-бабының 3-тармағына сәйкес жобалау құжаттамасымен Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 105/125, 4-пәтер мекенжайы бойынша танысуға болады. Байланыс телефондары: 8(7282) 40-12-43. Жоғарыда аталған жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстарды келесі электрондық мекен-жайға жіберуге болады: kvarctald.90@mail.ru. |
|
|
Қоршаған ортаға әсерді бағалау жобасы жүктеу |
|
|
Жоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары Мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптары |
|
|
Қоғамдық пікір есебі бойынша сауалнама парағы |
|
|
Қоғамдық пікір есебі бойынша толтырылған сауалнама парақтары |
|
|
Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы |
|
|
Сауалнама нысанындағы қоғамдық талқылау өткізу туралы хаттама |