Меню

Страницы

Статья

"Жетiсу" Алматы Құс Фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіжұмыс жобасы бойынша ықтимал әсерлер туралы есеп жобасына ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі

"Жетiсу" Алматы Құс Фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіжұмыс жобасы бойынша ықтимал әсерлер туралы есеп жобасына ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі

 

Жиынтық кестені жасау күні: 18.08.2025 ж.

Жиынтық кестені жасау орны: Алматы облысы, Қонаев қ., Сейфуллин к-сі, 36, Алматы облысы бойынша экология департаменті ҚР ЭБЖМ КЭРК.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: ҚР ЭБЖМ КЭРК Алматы облысы бойынша экология департаменті.

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарлама күні: 09.07.2025 ж.

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын ұсыну мерзімі: 21.07.2025 ж

 

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:

 

№

Мүдделі мемлекеттік орган

Ескерту мен ұсыныстар

1.

«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу  және қорғау жөніндегі  Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі

Ескерту мен ұсыныстар берілмеді

2.

"Қазақстан Республикасы экология,және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ

Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Алматы облысы, Жамбыл ауданының  аумағындағы «Жетісу» Алматы Құс Фабрикасы» ЖШС-ң 18.06.2025 жылғы № KZ52RVX01409072 қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу туралы өтініші бойынша, ескертулер мен ұсыныстар жоқ екенін хабарлайды.

3.

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі - Департамент) "Жетiсу" Алматы Құс Фабрикасы" белгіленіп отырған қызмет туралы өтініші (2025ж.08.07., KZ52RVX01409072)  бойынша  ұсыныстар мен ескертулерге қатысты Сіздің  хатыңызды қарап, құзыреті шегінде мыналарды хабарлайды.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, белгіленген қызметті жүзеге асыру үшін болуы мүмкін Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжаты эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болып табылады.

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен (бұдан әрі - тізбе) айқындалған.

Осыған байланысты, белгіленген қызмет туралы өтініштерде тізбедегі эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге рұқсат беру құжатының қажеттілігін көрсету қажет.

Сондай-ақ, Кодекстің 46-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама (бұдан әрі-нормативтік құжаттама жобалары) жүргізеді.

Өз кезегінде, нормативтік құжаттама жобаларының сараптамасы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен айқындалған тәртіппен ұсынылатын мемлекеттік қызметтер шеңберінде жүргізіледі.

Осылайша, заңнамада көзделген қызмет туралы өтініштерді келісу бойынша Департаменттің және оның аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық басқармаларының құзыретіне көзделмеген.

4.

Алматы облысының жер қатынастары басқармасы

Алматы облысының жер қатынастары басқармасы «Жетiсу» Алматы Құс Фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішін қарастырып басқарманың ұсыныстары мен ескертулері жоқ екендігін хабарлайды.

5.

Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы

Ескерту мен ұсыныстар берілмеді

6

Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

Ескерту мен ұсыныстар берілмеді

7

Қазақстан Руспубликасы төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі-Департамент) келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V 3PK Заңының (бұдан әрі-заң) 70-бабының 1-тармағына сәйкес қауіпті өндірістік объектілердің белгілері мынадай қауіпті заттардың ең болмағанда біреуін өндіру, пайдалану, қайта өңдеу, қалыптастыру, сақтау, тасымалдау (құбыржол), жою болып табылады.

Тұтанғыш зат-қалыпты қысым кезінде және ауамен араласқан кезде тұтанатын және қалыпты қысым кезінде қайнау температурасы 20 градус немесе одан төмен болатын газ.

Заңның 16-бабының 3-тармағының, 21-тармақшасына сәйкес қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар осы баптың 2-тармағына қосымша осы Заңға және Қазақстан Республиксының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және таратуға жобалау құжаттамасын келісуге міндетті.

Сондай-ақ заңның 16-бабы 3-тармағының 22) тармақшасына сәйкес қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар осы баптың 2-тармағына қосымша қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға берген кезде мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын, техникалық куәландыруларды жүргізуге міндетті.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Жетісу» Алматы құс фабрикасы» ЖШС-нің «Қазақстан Республикасы Алматы облысы аумағында жылына 120 мың тонна ет өнімдерін өндіретін инженерлік инфрақұрылымы бар Алматы құс фабрикасының құрылысы. Газбен жабдықтау.» жобалық құжаттаманы келісуге және қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынағын, техникалық куәландыруды жүргізуге міндетті.

8

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі

Ұсыныстар мен ескертулер берілмеген

9

Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті

Ескерту мен ұсыныстар берілмеді

10

Алматы қаласындағы ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті 

Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті (бұдан әрі – «Оңтүстікқазжерқойнауы» ӨД) республикалық мемлекеттік мекемесі 09.07.2025ж. №2076 межеленген қызмет туралы келіп түскен өтінішке ескертулер мен ұсыныстарды ұсынуға қатысты хатыңызға Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 68-бабының 5-тармағы 2-тармашасына сәйкес бастамашы осы баптың 2-тармағына сәйкес барлық қажетті мәлімет қамтылған, белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш берген жағдайда, белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішті ресми интернет-ресурста орналастырады және оның көшірмесін тиісті мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

Мүдделі мемлекеттік органдар деп осы параграфта қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволары, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, өз құзыретінің саласына белгіленіп отырған қызметтің құрамына кіретін қызметтің бір немесе бірнеше түрін реттеу, осындай қызмет түрлері үшін рұқсаттар беру немесе хабарламалар қабылдау жататын мемлекеттік органдар, сондай-ақ қатысы бар аумақтың шегінде толық немесе ішінара орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары түсініледі.

Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексінің 64-бабына сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын геологиялық зерттеу және жер қойнауы кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті (бұдан әрі – Геология комитеті) Төрағасының 2023 жылдың 6 қазандағы №95-НҚ бұйрығымен бекітілген Ереженің 1-тармағына сәйкес «Оңтүстікқазжерқойнауы» ӨД Геология комитетінің Алматы, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының, сондай-ақ Республикалық маңызы бар Алматы және Шымкент қалаларының аумақтарында мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту салаларында функцияларды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып, жоғарыда көрсетілген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 1-қосымшасының 2-бөлімінде көзделген қызметтің құрамына кіретін қызметтерді жүзеге асыру «Оңтүстікқазжерқойнауы» ӨД функциясына кірмейтінін хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 22-бабы 2-тармағының 5-тармақшасына және 91-бабы 1-тармағына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымдануға құқылы.

Осыған байланысты, әкімшілік органның шешімімен келіспеген жағдайда, сіз оған жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) шағымдануға құқылысыз.

 

11

Алматы облысының ветеринария басқармасы

Алматы облысының ветеринария басқармасы, Сіздің 2025 жылғы                              09 шілдесіндегі № 05-16/3843 хатыңызға сәйкес, "Жетiсу" Алматы Құс Фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мүмкін болатын әсерлер туралы жобалық есебін қарастырып, басқарма тарапынан ұсыныстар мен ескертулер жоқ екенін хабарлайды.

12

Алматы облысы экология департаменті

1.                 Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЭК) 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес объектіні салу және (немесе)пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына қатысты мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;

2.                 Осы қорытындыда көрсетілген атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының көлемдерінен, жинақтағышқа ластаушы заттар шығарындыларының көлемдерінен, сондай-ақ қалдықтардың түзілу көлемдерінен аспауға тиіс;

4.                 Жобалық құжаттама "азаматтық қорғау туралы"Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V 3PK Заңының 16-бабына сәйкес азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісілсін;

5.                 ҚР ЭК №4 қосымшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс шаралар көзделсін;

6.                 Осы қорытындыда көзделген су қорғау іс-шараларын, сондай-ақ ҚР ЭК 223 және 224-баптарын сақтау;

7.                 ҚР ЭК 319, 320, 321-баптарында көзделген қалдықтарды жинау, жинақтау және басқару жөніндегі экологиялық талаптарды сақтау;

8.                 ҚР ЭК 329-бабының 1-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету мүддесінде қалдықтардың пайда болуын болдырмау және пайда болған қалдықтарды олардың артықшылығының кему тәртібімен басқару жөніндегі шаралар иерархиясын қолдану;

9.                 Ластаушы заттардың су мен топыраққа ауысуын (ағып кетуін) болдырмау үшін отынмен толтыруды және техниканы жөндеуді, сондай-ақ қалдықтардың жиналуын тек арнайы жабдықталған немесе мамандандырылған орындарда жүзеге асыру қажет.

10.               ҚР ЭК 228, 237, 238-баптарында көзделген жерді қорғау туралы жалпы ережелерді, жерді пайдалану және оңтайлы жер пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарды сақтау;

11.               Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 140-бабында көзделген жерді қорғау жөніндегі іс-шаралардың сақталуын қамтамасыз ету;

12.               Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін көзделіп отырған қызметтің теріс әсерінен қорғауға бағытталған іс-шаралардың, сондай-ақ ҚР ЭК 240-бабына сәйкес биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

13.               Осы қорытындыда белгіленген қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға жағымсыз әсерлердің алдын алу, қысқарту және (немесе) жұмсарту жөніндегі іс-шараларды сақтау;

14.               ҚР ЭК 77-бабына сәйкес ықтимал әсерлер туралы есепті құрастырушы, бастамашы қоршаған ортаға әсерлер туралы алынған мәліметтерді жасырғаны және қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу кезінде анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

 

Дата публикации
22 августа 2025
Дата обновления
22 августа 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
20 января 2026
2026-2028 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру сатысында "Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы " ММ бюджеттік бағдарламалар жобаларының жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлаймыз
Ақпарат
07 ноября 2025
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес салынатын және ОЖ-ға теріс әсер ететін объектілердің орналасқан жері бойынша есепке алынуға жататын жер қойнауын пайдаланушылардан ОЖ-ға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзғаны үшін айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпарат
Хабарлама
30 сентября 2025
Отчет о возможных воздействиях к «Плану горных работ по добыче россыпного золота на месторождении Кетмень/Предгорный Кетмень в Алматинской области»

Социальные медиа

https://www.facebook.com/

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы