Алматы облысы әкімдігі 2026 жылғы 10-12 наурыз аралығында ZOOM платформасы арқылы онлайн және 2026 жылғы 18-20 наурыз аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық –талдау орталығында келесі тақырыпта семинар өткізетіні туралы хабардар етеді:
- Жаңа экологиялық кодекстің негізгі кағидаттары және заңнамаға жоспарланып орытған өзгерістер;
- Экологиялық рұқсат алу және мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібі;
- Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімін өткізу ерекшеліктері, оның кезеңдері, есптелігі және қоғамдық тыңдаулар өткізу тәртәбі;
- Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару саласындағы өзекті мәселелер, оның ішінде қауіпті қалдықтар, қауіпті қалдықтардың паспорты және оларды жіктеудің жаңа тәсілі;
- Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылау объектілерінде профилактикалық экологиялық бақылауды жүзеге асыру;
- Құқық қолдану практикасы: экологиялық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалау шаралары, экологиялық бақылау тәсілдеріндегі өзгерістер, ілеспе заңнама және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолдану;
- Өндірістік экологиялық бақылауды (ӨЭБ) ұйымдастыру және жүзеге асыру: құрылымы, талаптары, есептілік нысандары, ішкі тексерулер, Қазақстанның Каспий теңізі секторында ӨЭБ жүргізу тәртібі, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерге жоспарланған өзгерістер;
- Қоршаған ортаға эмиссияларды автоматтандырылған мониторингтеу жүйесін енгізу және пайдалану: орнату критерийлері, үздіксіз өлшеуге жататын көресткіштер, хабарламалар мен есептік талаптары, талаптардың орындалмауына жауапкершілік және нормтивтік-құқықтық реттеудегі алдағы өзгерістер.
Семинар орыс тілінде өтеді.
Семинарға қатысу ақылы және оған мыналар кіреді: оқыту, презентациялық материалдар, экология және табиғи ресурстар Вице-министрінің қолы қойылған ведомстволық үлгідегі оқудан өткені туралы атаулы куәлік.
Оқытуға қатысу үшін бір семинардың құны 4 санат бойынша анықталады және мыналарды құрайды:
- Табиғат пайдаланушы кәсіпорындар - онлайн 190 000 теңге, оның ішінде ҚҚС және офлайн 240 000 теңге, оның ішінде ҚҚС:
- Мемлекеттік мекемелер - онлайн, 100 000 теңге, оның ішінде ҚҚС және офлайн 160 000 теңге, оның ішінде ҚҚС:
- Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдар, мемлекеттік мекемелер және жеке тұлғалар - онлайн 50 000 теңге, оның ішінде ҚҚС және офлайн 80 000 теңге, оның ішінде ҚҚС:
- БАҚ өкілдері, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері және оқытушылары үшін Орхус конвенциясы шеңберінде тегін негізде оқыту.
Алдын ала тіркелу үшін келесі сілтеме бойынша тіркелу формасын толтыру қажет: https://formms.gle/gDtmSV3gRPStrt7y9
Барлық сұрақтар бойынша келесі электрондық пошта арқылы хабарласуға болады: seminar.iac@iacooc.kz; Байланыс телефондары: +7(7172)24-88-92, 7 775 882 6145