2026 жылғы 11 ақпанда Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қанат Ақылұлы Нүсіпбаев азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдауға Қонаев қаласы және Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары қатысты. Кездесу барысында өрт қаупі жоғары кезеңде орман қоры аумағына кіру тәртібі, орман алқаптарындағы қауіпсіздік талаптары, сондай-ақ елді мекендер аумағындағы ескі әрі апатты ағаштарды кесу мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Барлық көтерілген сұрақтар қолданыстағы заңнама аясында қаралып, азаматтарға нақты әрі түсінікті жауаптар ұсынылды.