АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ОРТАҚ СУ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ

«Алматы облысында ортақ

су пайдаланудың қағидаларын

белгілеу туралы» Алматы

облыстық мәлихатының

2016 жылғы 12 мамырдағы

№ 2-16 шешіміне өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

 

 

2003 жылғы 9 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Су кодексінің»           38-бабының 1 тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты                          ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Алматы облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы» Алматы облыстық мәлихатының 2016 жылғы 12 мамырдағы № 2-16 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Мәслихаттың осы шешімнің 11 тармағы келесі редакцияда берілсін:

«Алматы облыстық мәслихаты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында Алматы облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.

Облыс, соның ішінде Алматы облысының әкімшілік шекаралары шегінде Балқаш және Алакөл көлінің аумағында орналасқан су объектілерінде шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу және оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының "Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 (Нормативтіқ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 болып тіркелген) және "Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 458 (Нормативтіқ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11351 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады, тұрғын халықтың қауіпсіздігін және шағын көлемді кемелердің өтуін қамтамасыз ету үшін су пайдалануды оқшау немесе бірлесіп жүзеге асыратын су пайдаланушы жұмысты ұйымдастырады:

      1) адамдардың шомылу аймағынан тысқарыда шағын көлемді кемелердің өтуі үшін ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршалған, "ДӘЛІЗ АЙМАҒЫНДА ШОМЫЛУҒА ҮЗІЛДІ-КЕСІЛДІ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!" деген ескерту және шектеу белгілері бар, ені кем дегенде 10 метр және ұзындығы кем дегенде 100 метр дәліз жарақтайды;

      2) халықтың шомылу аймағын "қалқыма белгілерден тысқарыда ШОМЫЛУҒА ҮЗІЛДІ-КЕСІЛДІ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!", "ХАЛЫҚТЫҢ шомылу аймағында шағын көлемді кемелерде жүзуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!" деген ескерту және шектеу белгілері бар ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршайды».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аграрлық сала, жер қатынастары, экология және ветеринария мәселелері бойынша облыстық мәслихатының  тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3.  Осы шешім  әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

   Облыстық мәслихат

   сессиясының төрағасы                  _____________М. Үмбетов

      Облыстық мәслихаттың

      хатшысы       ________________С. Дюсембинов
 

 

Алматы облыстық мәслихатының

2016 жылғы «___» ____________

№_______шешімімен бекітілген

 

 

Алматы облысында ортақ су пайдалану қағидалары

 

 

1. Осы ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 38-бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығымен бекітілген «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидалары» негізінде әзірленді және облыстың жергілікті өкілді органы Алматы облысының өңірлік жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырып ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу тәртібін айқындайды.

2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген немесе заңды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай-күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тиым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.

5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі мақсатында ортақ су пайдалану шектелуі немесе оған тиым салынуы мүмкін.

6. Ортақ су пайдалануға:

1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;

2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
          3)  кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
          4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.

7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша Алматы облысының әкімдігі белгiлейдi.

9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.

Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.

11. Алматы облыстық мәслихаты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында Алматы облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.

Облыс, соның ішінде Алматы облысының әкімшілік шекаралары шегінде Балқаш және Алакөл көлінің аумағында орналасқан су объектілерінде шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу және оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының "Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 (Нормативтіқ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 болып тіркелген) және "Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 458 (Нормативтіқ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11351 болып тіркелген ) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады, тұрғын халықтың қауіпсіздігін және шағын көлемді кемелердің өтуін қамтамасыз ету үшін су пайдалануды оқшау немесе бірлесіп жүзеге асыратын су пайдаланушы жұмысты ұйымдастырады:

      1) адамдардың шомылу аймағынан тысқарыда шағын көлемді кемелердің өтуі үшін ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршалған, "ДӘЛІЗ АЙМАҒЫНДА ШОМЫЛУҒА ҮЗІЛДІ-КЕСІЛДІ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!" деген ескерту және шектеу белгілері бар, ені кем дегенде 10 метр және ұзындығы кем дегенде 100 метр дәліз жарақтайды;

      2) халықтың шомылу аймағын "қалқыма белгілерден тысқарыда ШОМЫЛУҒА ҮЗІЛДІ-КЕСІЛДІ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!", "ХАЛЫҚТЫҢ шомылу аймағында шағын көлемді кемелерде жүзуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!" деген ескерту және шектеу белгілері бар ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршайды.

12. Алматы облыстық мәслихаты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салу және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етеді.

13. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, Алматы облыстық мәслихатының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының                        4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды. 

14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Алматы облыстық мәслихатқа ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.

15. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу негізсіз болған жағдайда Алматы облыстық мәслихаты ұсынылған ортақ су пайдалану шарттарынан немесе тыйым салудан бас тарту себептерін негіздей отырып су пайдаланушыны жиырма екі жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.

Бұл ретте жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс. 

16. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:

1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;

2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;

3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;

4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.

17. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:

1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;

2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;

3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;

4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;

5) аумақта жанар-жағармай материалдарын сақтауға;

6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға; 

7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.

 

Дата публикации
14 февраля 2020