2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, 88-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқаулықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі №383 бұйрығын а сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бекітілсін:
1) 1-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын дайындауға арналған төлемақы мөлшерлемелері;
2) 2-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға арналған төлемақы мөлшерлемелері;
3) 3-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері;
4) 4-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері;
5) 5-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері;
6) 6-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері.
3..Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихатының «Аграрлық сала, жер қатынастары, экология және ветеринария мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.