АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2016 ЖЫЛҒЫ 3 НАУРЫЗДАҒЫ «ЖЕРГІЛІКТІ МАҢЫЗЫ БАР БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ СУ АЙДЫНДАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» №110 ҚАУЛЫСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

ЖОБА

 

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 3 наурыздағы «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін  бекіту туралы» №110 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

         Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» №480-V ҚРЗ Заңының 26-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының            37-бабына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы облысы әкімдігінің «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін  бекіту туралы» 2016 жылғы               3 наурыздағы №110 ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 тіркелген, 2016 жылдың 30 маусымында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

2. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2)  және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.  

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы облысының әкімі                                                А. Баталов

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2016 ЖЫЛҒЫ 3 НАУРЫЗДАҒЫ «ЖЕРГІЛІКТІ МАҢЫЗЫ БАР БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ СУ АЙДЫНДАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» №110 ҚАУЛЫСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ
Дата публикации
16 марта 2020