АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СУ ОБЪЕКТIЛЕРI МЕН СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНДАҒЫ КӨПШIЛIКТIҢ ДЕМАЛУЫНА, ТУРИЗМ МЕН СПОРТҚА АРНАЛҒАН ЖЕРЛЕРДІ БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ

ЖОБА       

 

«Алматы облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» Алматы облысы әкімдігінің              2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 617 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына, 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы              23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы                                          1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Алматы облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы                   27 желтоқсандағы № 617 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылдың 4 қаңтарында № 4987 тіркелген, 2019 жылдың           10 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген қосымша, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редацияда баяндалсын.

2. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

         1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;

         3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне осы тармақтың1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

         3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

         4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі

 

А. Баталов

 

 

 

 

Алматы облысы әкімдігінің  2020 жылғы «___» __________ № ___ қаулысына қосымша

 

Алматы облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлері

 

№

Су объектісінің атауы

Халықтың жаппай демалу орындары

Елді мекен

Меншік иесі

Талдықорған қаласы

 

1

Қаратал өзені

Қалалық жағажай

Талдықорған қаласы

Мемлекеттік жер қоры

Алакөл ауданы

 

2

Алакөл көлі

Алакөл көлі жағалауының жағажайлары

Ақши ауылы

Мемлекеттік жер қоры

 
3

Алакөл көлі

«Aquamarineres» демалыс аймағы

Ақши ауылы

Мемлекеттік жер қоры

4

Алакөл көлі

«Alakolresort» демалыс аймағы

Ақши ауылы

Мемлекеттік жер қоры

5

Алакөл көлі

«GrandVille» демалыс аймағы

Ақши ауылы

Мемлекеттік жер қоры

Сарқан ауданы

 

6

Балқаш көлі

Балқаш көлі жағалауының жағажайлары

Лепсі кенті

Мемлекеттік жер қоры

Қапшағай қаласы

 

7

Қапшағай су қоймасы

Қапшағай су қоймасының № 1 жағажайы

Қапшағай қаласы

Мемлекеттік жер қоры

8

Қапшағай су қоймасы

Қапшағай су қоймасының № 2 жағажайы

Қапшағай қаласы

Мемлекеттік жер қоры

9

Қапшағай су қоймасы

Қапшағай су қоймасының № 3 жағажайы

Қапшағай қаласы

Мемлекеттік жер қоры

10

Қапшағай су қоймасы

Қапшағай су қоймасының № 4 жағажайы

Қапшағай қаласы

Мемлекеттік жер қоры

11

Қапшағай су қоймасы

Қапшағай су қоймасының № 5 жағажайы

Қапшағай қаласы

Мемлекеттік жер қоры

12

Қапшағай су қоймасы

Қапшағай су қоймасының № 6 жағажайы

Қапшағай қаласы

Мемлекеттік жер қоры

13

Қапшағай су қоймасы

Қапшағай су қоймасының № 7 жағажайы

Қапшағай қаласы

Мемлекеттік жер қоры

14

Қапшағай су қоймасы

«Жана Нур» демалыс аймағы

Қапшағай қаласы

Мемлекеттік жер қоры

15

Қапшағай су қоймасы

«Home Club» демалыс аймағы

Қапшағай қаласы

Мемлекеттік жер қоры

16

Қапшағай су қоймасы

«Белый парус» демалыс аймағы

Қапшағай қаласы

Мемлекеттік жер қоры

17

Қапшағай су қоймасы

«Ай-күн» демалыс аймағы

Қапшағай қаласы

Мемлекеттік жер қоры

18

Қапшағай су қоймасы

«Ақ-Отау» демалыс аймағы

Қапшағай қаласы

Мемлекеттік жер қоры

19

Қапшағай су қоймасы

«Айна Су» демалыс аймағы

Қапшағай қаласы

Мемлекеттік жер қоры

20

Қапшағай су қоймасы

«Джаса» демалыс аймағы

Қапшағай қаласы

Мемлекеттік жер қоры

21

Қапшағай су қоймасы

«Пятница» демалыс аймағы

Қапшағай қаласы

Мемлекеттік жер қоры

22

Қапшағай су қоймасы

«Балдаурен-Капшагай» («Алтын Эмель») демалыс аймағы

Қапшағай қаласы

Мемлекеттік жер қоры

Текелі қаласы

23

Ашық жүзу бассейні

Қалалық бассейн

Текелі қаласы

Мемлекеттік жер қоры



Дата публикации
05 июня 2020