eGov Mobile мобилді қосымшасы арқылы өтініш беру тәртібі:
1. Авторизация:
eGov Mobile мобилді қосымшасына кіріңіз.
2. Кіру:
Қосымшадағы «eOtinish» бөлімін таңдаңыз.
3. Бастау:
«Өтініш беру» батырмасын басыңыз.
4. Таңдау:
Өтініш түрін (Өтініш, Шағым, Ұсыныс) және мемлекеттік орган ретінде
Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын таңдаңыз.
5. Сипаттама:
Өтініш мәтінін енгізіп, мәселенің мәнін және өз ұстанымыңызды нақты әрі түсінікті түрде баяндаңыз.
6. Файлдар тіркеу:
Қажет болған жағдайда құжаттарды, фотосуреттерді немесе бейнематериалдарды (80 МБ-қа дейін) тіркеңіз.
7. Жіберу:
«Қол қойып жіберу» батырмасын басып, өтінішті электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы растаңыз.