«Алматы облысында ортақ
су пайдаланудың қағидаларын
белгілеу туралы» Алматы
облыстық мәлихатының
2016 жылғы 12 мамырдағы
№ 2-16 шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Су кодексінің» 38-бабының 1 тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәслихаттың осы шешімнің (бұдан әрі - Шешім) қосымшасының 1 тармағы келесі редакцияда берілсін:
Осы ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 38-бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 24 маусымында № 11434 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидалары" негізінде әзірленді және Алматы облыстық мәслихаты Алматы облысының өңірлік жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырып ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу тәртібін айқындайды.
Мәслихаттың осы шешімнің қосымшасының 11 тармағы келесі редакцияда берілсін:
«Алматы облыстық мәслихаты кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында Алакөл, Балқаш, Есік көлдерінде және Қапшағай су қоймасында халықтың шомылатын жерлерінде шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.
Облыс, соның ішінде Алматы облысының әкімшілік шекаралары шегінде Балқаш және Алакөл көлінің аумағында орналасқан су объектілерінде шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу және оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының "Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 (Нормативтіқ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің "Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 669 (Нормативтіқ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17615 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады, тұрғын халықтың қауіпсіздігін және шағын көлемді кемелердің өтуін қамтамасыз ету үшін су пайдалануды оқшау немесе бірлесіп жүзеге асыратын су пайдаланушы жұмысты ұйымдастырады:
1) адамдардың шомылу аймағынан тысқарыда шағын көлемді кемелердің өтуі үшін ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршалған, "Дәліз аймағында шомылуға үзілді-кесілді тыйым салынады!" деген ескерту және шектеу белгілері бар, ені кем дегенде 10 метр және ұзындығы кем дегенде 100 метр дәліз жарақтайды;
2) халықтың шомылу аймағын "қалқыма белгілерден тысқарыда шомылуға үзілді-кесілді тыйым салынады!", "Халықтың шомылу аймағында шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынады!" деген ескерту және шектеу белгілері бар ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршайды»;
3) халықтың шомылу аймағында қозғалтқыштарының қуаты 40 ат күші және одан жоғары шағын көлемді кемелерді пайдалануға тыйым салады.
Мәслихаттың осы шешімнің қосымшасының 12 тармағы келесі редакцияда берілсін:
Алматы облысының әкімдігі тиісті аумақтарда орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.
Мәслихаттың осы шешімнің қосымшасының 15 тармағы келесі редакцияда берілсін:
Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
Мәслихаттың осы шешімнің қосымшасы 14-1 тармағымен толықтырылсын:
Алматы облыстық мәслихаты мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.
Мәслихаттың осы шешімнің қосымшасы 15-1 тармағымен толықтырылсын:
Су пайдаланушы Алматы облыстық мәслихатынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға жол берілмейтіні және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
|
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы А. Алпысбаев |
|
Облыстық мәслихаттың хатшысының м.а. С. Мұқанов |