Жануарлар дүниесі бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Жануарлар дүниесі бөлімі (әрі қарай бөлім) облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының (әрі қарай басқарма) жергілікті атқарушы органның Алматы облысы аумағында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және тиімді пайдалану жөнінде функцияларын орындауға уәкілетті құрылым болып табылады.
  2. Бөлім Қазақстан Республикасының Орман кодексіне, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына, облыс әкімінің шешімдеріне, облыс әкімідігінің қаулыларына, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
  3. Бөлім басқарманың қарамағындағы орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелірінің жұмыстарына бақылауды басқарма басшылығымен және жоғары тұрған органдармен берілген құзіретіне қарай жүзеге асырады.
  4. Бөлім облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында және аңшылық алқаптарының резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз етеді.

 

  1. Бөлімінің негізгі мақсаттары мен функциялары

 

2.1. Бөлімінің негізгі мақсаттары:

 

  1. Орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің бекітілген алқаптарында жануарлар дүниесін қорғауды ұйымдастыру;
  2. Орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің орман қорында жабайы аң-құстардың санақ жұмыстарын жүргізуді және биотехникалық шараларын өткізуін қамтамасыз ету және қадағалау;
  3. Жергілікті мәні бар балық шараушылық су қоймалары мен көлдеріндегі балық қорын қорғауды, молайту және тиімді пайдалануды бақылау.
  4. Бекітілген алқаптарда биотехникалық шаралар өткізуін бақылау.

 

2.2  Осы мақсатта бөлім төмендегі функцияларды жүзеге асырады:

 

  1. Мемлекеттік орман қоры алқаптарында жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз етеді;
  2. Мемлекеттік орман қоры алқаптарында биотехникалық шараларының өткізілуін қамтамасыз етеді;
  3. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекітуге ұсынады;
  4. Жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде құжаттар дайындайды;
  5. Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізуін ұйымдастырады;
  6. Облыс аумағында орналасқан жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізуін ұйымдастырады;
  7. Сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
  8. Аңшылық алқаптарының резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды ұымдастырады және қамтамасыз етеді;
  9. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
  10. Ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
  11. Рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
  12. Балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;
  13. Екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;
  14. Облыс аумағында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
  15. Аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жануарлар дүниесін пайдаланушылармен келісімшарттың жобаларын дайындайды;
  16. Балық шаруашылығын жүргізу үшін жануарлар дүниесін пайдаланушылармен келісімшаттың жобаларын дайындайды;
  17. Кәсіптік балық аулауға заңды және жеке тұлғалармен келісімшарттың жобаларын дайындайды;
  18. Жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде құжаттарды дайындайды;    
  19. Жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
  20. Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

  1. Бөлімнің құқықтары

 

  1. Өзінің шектелген құзыретіне қарай міндетті нұсқауларды орындауға, беруге;
  2. Жүктелген міндеттерді іске асыру үшін, заңды қызметтік тұлғалардан және азаматтардан белгіленген ретте қажетті ақпаратты алуға;
  3. Мемлекеттік орман қоры қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерді бақылауын іске асырып, жұмыстарын жүргізуге;
  4. Орман, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың заңдылығын бұзушыларды заң жүзінде белгіленген тәртіп бойынша мемлекет пайдасына келтірген зиянын өндіру жұмыстарын жүргізуге;
  5. Табиғат заңдылығын бұзушылардың белгіленген түрде жеке заттарын және көліктерін тексеру оларға бұзушылық хаттамасын толтыруға құқылы.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім басшысы лауазымына басқарма басшысы тағайындайды, босатады;
  2. Бөлім жұмысын басқаруды ұйымдастырады және бөлімге жүктелген мақсаттары мен оның орындалуын бөлім басшысы жеке жауапкершілігіне алады;
  3. Бөлімнің штаттық саны және құрылымы басқармамен бекітіледі;
  4. Бөлім басшысы басқарма басшысына бөлімнің қызметкерлерінің алмастырылуына, тағайындалуына және әкімшілік жазасына ұсыныс береді.

 

 

             

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2020