2019 жылдың 4 тоқсан ақпараты

2019 жылға облыс бюджетінен зиянкес жыртқыштарды  жоюға                     9,27 млн. теңге бөлінген. Жылдың басынан орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерімен 581 зиянкес жыртқыштар жойылды,  оның ішінде 349 қасқыр және 232 шиебөрі. Аталған шараларға  бөлінген қаржы толығымен  игерілді.

 Жылдың басынан «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша орман шаруашылығы   мемлекеттік мекемелерімен, Алматы  облысының Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметкерлерімен, сонымен қатар  облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлескен   55 рейд және тексерістер өткізілді. Жалпы 76 аң және балық аулау ережесін бұзу фактілері  анықталды. Табиғат заңдылығын бұзушыларға 1275125 теңге айыпұл салынып, 54 табиғат заң бұзушылардан 707000 теңге өндірілді.  

 Бүгінгі күнге жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша 103,689  млн. теңгеге балық аулауға 170  рұқсат берілді. Сонымен қатар   жалпы соммасы  51,4  млн. теңгеге аң аулауға  1551  рұқсат  берілді.

Дата публикации
15 мая 2020