2020 жылдың 1 тоқсан ақпараты

2020 жылға облыс бюджетінен зиянкес жыртқыштарды  жоюға 9,4 млн. теңге бөлінді. Жылдың басынан орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерімен 249 зиянкес  жыртқыштар жойылды, оның ішінде 106 қасқыр және 143 шиебөрі, аталған шараларға 3540,0 мың теңге өндірілді. 

 2020 жылдың 1-ші тоқсанында  «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша орман шаруашылығы   мемлекеттік мекемелерімен, Алматы  облысының Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметкерлерімен, сонымен қатар  облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлескен 17  рейд және тексерістер өткізілді. Жалпы 23 табиғат заң бұзушылықтар  анықталды. Табиғат заңдылығын бұзушыларға 344630 теңге айыпұл салынып, 13 табиғат заң бұзушылардан 139177,5  теңге өндірілді. 

           Бүгінгі күнге жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша 22,979 млн. теңгеге балық аулауға 64 рұқсат берілді.

Дата публикации
15 мая 2020