Алматы облысының табиғи ресурстар
және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ереже
- Орман шаруашылығы бөлімі орман шаруашылығы саласында және басқа аумақтардағы өсімдіктер объектілерін өсіруді жүзеге асыру және олардың қаржыландырылуын қамтамасыз ету функцияларының орындалуын бақылайтын табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының құрылымды бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "ҚР Орман кодекстерін", Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ басқарма басшысының бұйрықтарын және осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің негізгі мақсаттары мен функциялары
2.1. Бөлімнің негізгі мақсаты:
- Орман ресурстарын басқару, реттеу және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
- Орманды өрттен қорғау;
- Облыс аумағында орманның және өсімдіктердің көлемін арттыру;
- Табиғатты қорғау шараларын қамтамасыз ету жөніндегі қаржы қаражатты қалыптастыру жүйесін жетілдіру және олардың тиімді пайдаланылуын басқару.
- Осы мақсатта бөлім төмендегі функцияларды жүзеге асырады:
1.Ормандағы өрттердiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқап, жою жөнiндегi iс-шараларды жүргiзеді.
2.Мемлекеттiк орман қоры аумағындағы барлық жұмыс iстейтiн әрi сонда орналасқан ұйымдардың, сондай-ақ орманда болатын жеке тұлғалардың ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық ережелердi сақтауын қамтамасыз етеді.
- Орманды заңсыз ағаш кесуден, зақымдаудан, ұрлаудан және Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқадай бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiн күзетуді ұйымдастырады.
- Мемлекеттік орман қоры аумағында орман өсіру және молықтыру жұмыстарын жыл сайынғы жоспарларын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады.
- Уәкiлеттi органмен келiсе отырып орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеп, оларды iске асырады.
- Мемлекеттiк орман саясатын қалыптастыру және оны iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады.
- Ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi.
- Мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады.
- Өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастырады.
- Орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады.
11.Уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлейдi.
- Өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдайды.
- Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерiн (сүректi түбiрiмен босату үшiн мөлшерлемелердi қоспағанда) жобаларын әзiрлейдi.
- Уәкілетті органның және облыстық өкілді органдардың қатысуымен өздерінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөнінде тендерлер ұйымдастырады және өткізеді.
3.Бөлімнің құқықтары
- Мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты басқарма арқылы сұратып алады.
- Өзіне оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асырады.
- Жеке және заңды тұлғалардан табиғатты пайдалануға белгіленген ережелер мен шектеулердің сақталуын талап ету және бұрмалаушылықтарға жол берілген жағдайда табиғатты пайдалануға тиым сала алады.
- Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өз құзіреті шегінде қоршаған ортаны қорғау және басқа да құқықтарын жүзеге асырады.
4.Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
Бөлімді басқарма басшысы тағайындайтын және лауазымнан босататын, бөлім басшысы басқарады.
Бөлім жұмысын басқаруды ұйымдастырады және бөлімге жүктелген мақсаттары мен оның орындалуын бөлім басшысы жеке жауапкершілігіне алады.
Бөлімнің штаттық саны және құрылымы басқармамен бекітіледі.
Бөлім басшысы, басқарма басшысына бөлім қызметкерлерінің алмастырылуына, тағайындалуына, және әкімшілік жазасына ұсыныс береді.